ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР

Ағымдағы жылдың 2019 жылдың 04 маусымында  Түркістан қаласының мәжіліс залында Еңбек саласындағы заң бұзушылықтар туралы, еңбек қауіпсіздігі, ең төменгі жалақыны көтеру туралы, еңбек шартын түзу еңбек шарттарын электронды тіркеу туралы, ұжымдық шарттарды түзу бойынша кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі симинар-кеңес өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаев, Түркістан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы басшысының м.а Қ.Төлебаев, Түркістан облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Қ.Асылбеков, жеке кәсіпкерлер және кәсіпорын басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған жиында күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес көпшілік алдында сөз алған облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма өкілдері Мемлекет басшысының кезекті Жолдауындағы 1-қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны көтеру жөнінде, сондай-ақ мемлекеттік мекеме, жеке меншік мекемелер мен кәсіп орын басшылары жұмысшылармен еңбек шартына отыру қажеттілігін заң аясында жан-жақты түсіндірді. Жиынды қортындылаған қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаев жиналыс өткізген  мекеме басшысының м.а Қ.Төлебаев пен Қ.Асылбековке заңнама талаптарын кәсіпкерлер мен кәсіпорын мүшелеріне жеткізгені үшін алғысын айтты.

 

Б.Қуандық,

Түркістан қалалық жұмыспен қамту

 және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының сектор меңгерушісі.