Енді Шымкент тұрғындарына «Altel» SIM-карталарында ЭСҚ қолжетімді

Енді Шымкент тұрғындарына «Altel» SIM-карталарында ЭСҚ қолжетімді

          Осы жылдың наурызынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында  «Altel» SIM-карталарындағы ЭЦҚ қолжетімділігі жаңа жобасы бастау алды.

Бұл жоба өткен жылдың қыркүйек айында жүзеге асырылған болатын. Ол кезде электрондық цифрлық қолтаңбаны тек Астана мен Алматы қалаларының «Altel» абоненттері ғана SIM-картаға жаздыра алатын. Кейінірек мұндай мүмкіндікке ШҚО, сондай-ақ Павлодар және Қарағанды облыстары ие болды. Ақпан айында бұл жобаға тағы бір ұялы оператор - «Beeline» Алматы мен Астанада қосылды.  

        «Бірінші кезекте SIM-карталарында ЭЦҚ – бұл ыңғайлы, оны қолдануға смартфон және мобильді телефондары да жарайды. Сіз SIM-карталарында ЭЦҚ – ны мобильдік байланысы бар барлық жерде қолдана аласыз, Қазақстан және шет елдерде де» деп айтады «ХҚКО» РМК ОҚО бойынша филиалының директоры Серік Ауғанбаев. SIM-картаны алу үшін, Сізге өзіне-өзі қызмет көрсету секторында SIM-картаны іске қосу және тіркеуді рәсімдеу, келісім-шарт жасауға көмектесетін ХҚКО-ға келу қажет. SIM-картаның құны 200 тенгені құрайды, онымен бірге көрсетілген сомма абоненттің балансына жүктеледі.

       Естеріңізге сала кетсек, SIM-картадағы ЭЦҚ-ны қолдану арқылы азаматтар мекенжай анықтамаларын, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы жайлы анықтамаларды, зейнетақы қоры жайлы анықтамаларды және басқа да қызмет түрлерін «egov.kz» мобильді  қосымшасы арқылы алуларына болады. Болашақта SIM-картадағы мобильді ЭЦҚ көмегімен қолданушы қажетті қызметтерін "электронды үкімет" веб-порталы  арқылы, тіпті батырмалы ұялы телефон арқылы интернетсіз және мобильді қосымшасыз-ақ  алуына мүмкіндік туады.

       Бүгінде, жобаны іске қосқан сәттен бастап, 602 қызметалушы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы SIM-картаға ЭЦҚ жаздырған. SIM-картаға ЭЦҚ-ны Шымкент қаласындағы № № 1, 2, 3, 4 бөлімдерінде жаздыруға болады.

      Алдағы уақытта қызметтер ауқымын кеңейту және басқа да ұялы байланыс операторларын жобаға қосу жоспарда бар. Біздің жаңалықтармен таныса жүріңіздер.

    Түркістан қалалық №2 ХҚКО-ның инспекторы  А. Джамалов.