5. Талдамалық жазба

 

1-ші  бағыт  Экономика

Өнеркәсiп

Қалада өнеркәсіп саласында 56 кәсіпорын, оның  ішінде 6  ірі және орташа,  40 шағын, 12-і қосалқы қызмет түрлері бойынша жұмыс жасайды.

2017 жылы өнеркәсiп өнiм көлемi 14 813,7 млн. теңгенi құрап, өткен жылмен салыстырғанда ( 13 634,0 млн.теңге) нақты көлем индексi 104,7 пайызға артты (обл.көрсеткіш 102,1  пайыз)

Оның iшiнде, кен өндiру өнеркәсiбi 524,6 млн. теңгеге орындалып, нақты көлем индексi 104,6 пайызды, өңдеу өнеркәсiбi 12 126,5 млн. теңгенiң өнiмiн өндiрiп, нақты көлем индексi 104,9 пайызды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 1 549,9 млн. теңгенi, нақты көлем индексi 109,1 пайызды, сумен жабдықтау 612,7 млн. теңгенi, нақты көлем индексi 104,3 пайызды құрады.                                                                                                        

Инновациялар мен инвестициялар

Негiзгi капиталға 22 116,2 млн. теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда (20317,1 млн. теңге) 103,3 пайызды құрады.

Оның iшiнде, республикалық бюджет есебiнен 1169,7 млн. теңге (83,1%), жергiлiктi бюджет есебiнен 5823,9 млн. теңге (87,1%), 15 122,6 млн. теңгесi кәсiпорындардан және халықтың өз қаржысы есебiнен (119,7%) тартылды. Сыртқы инвестиция 4760,9  млн.теңгені құрап, үлесі 21,5 пайыз болды.

Үдемелi индустриалды-инновациялық дамубағдарламасы аясында      2010-2016 ж.ж. жалпы құны 4722,2 млн теңгеге 19 жоба енгiзiлдi. Оларда                   910 жұмыс орын ашу көзделген. Осыдан 2010-2017 ж.ж. құны 3203 млн. теңгенi құрайтын 15 жоба iске қосылып, 753 жұмыс орны ашылды, өндiрiлген өнiм көлемi 2097,9 млн. теңге, жалпы өнеркәсiп өнiмi көлемiндегi үлесi                   14,2 пайызды құрады. Оның ішінде 2017 жылы 2 жоба іске қосылды.

Шағын және орта бизнес                                                                   

2017 жылы, шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын                     13119 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 12779, немесе 97,4 пайызды құрады. Жұмыспен қамтылған адам саны 33995 және өнiм көлемi (жұмыс, қызмет)                             108,5 млрд. теңге. Жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлер саны 2016 жылмен салыстырғанда 100,6 пайызға, жұмыспен қамтылғандар 2,0  пайызға және өнiм көлемi 3,0 пайызға артты.                                                                                                     

Ауыл шаруашылығы                                                                  

     Ауыл шаруашылығы саласында 44 105,3 млн. теңгенiң ауыл шаруашылығы өнiмi өндiрiлiп, өткен жылмен салыстырғанда 103,8 пайызға орындалды.

Оның iшiнде, мал шаруашылығы 17 761,7 млн. теңгенi құрап, 104,5 пайыз, егiн шаруашылығы 26 343,6 млн. теңге болып, 103,4 пайыз орындалды.

                                                                                                              

2017 жылы 43,7 мың гектар жерге егiстiкке егiн егу жоспарланып, егiс көлемi 44 290,8 га  құрап (тапсырма 43700 га) 101,3% орындалды, оның iшiнде астық - 5726,4 га (7164,8 га), дәндiк жүгерi – 3011,5 га (4532,6 га), мақта – 10 843,3 га (6627,6 га), көкөнiс - 3037 га (3843,7 га), бақша - 6109,2 га                  (6470,7 га), майлы дақылдар - 862,8 га (953,5 га), картоп - 736,2 га (767,7 га), малазықтық дақылдары -  13 964,4 га (13 299,4 га).

  Суармалы жердi айналымға қосу                                                

  Жаңадан 400 гектар жердi айналымға қосу жоспарланып, жайылым жерлердiң санатын суармалы жерге ауыстыру арқылы жаңадан 517 га жер айналымға қосылып, жоспар 129,3 пайызға орындалды.

 Үй iргелiк жердi игеру3300 гектарға жоспарланып 100 пайызға орындалды.                                                                                          

      Терең қопсытуәдiсiн 4 600 гектар жерге енгiзу жоспарланып, есептi мерзiмде 4789 гектар жерге енгiзiлiп, тапсырма 104,1% орындалды.                                                                                                      

 Қала бойынша үстiмiздегi жылы 14,0 га жылыжай салынуы жоспарланып, 2017 жылы 18,27 гектар жылыжай салынып 130,5%  орындалды. Жалпы көлемi 65,73 гектарды құрайтын 570 дана жылыжай бар. Оның iшiндегi өнеркәсiптiк жылыжайлар 20,5 гектар.

 Жалпы қаладағы жылыжайлардан  3075 тн. көкөнiс өндiрiлдi. Оның iшiнде, 1580 тн.қияр, 1400 тн.қызанақ болгар бұрышы 95 тн, т.б. өнiм өндiрiлдi және 215 мың дана гүл алынды.2017 жылы жалпы жылыжайлардан алынған бұл өнімдер қала халқын қызанақпен 60,8%-ға, қиярмен 92,5%-ға қамтамасыз етіп отыр. Алдағы 2 жылда қаладағы жылыжайлар көлемін 90 гектарға жеткізу жоспарлануда. Сол межеге жеткенде қала халқы жылыжайда өндірілген көкөністердің барлық түрімен толық қамтамасыз етіліп, артық өнімдерін алыс-жақын шетелдер мен Қазақстанның басқа өңірлеріне қамтамасыз етіледі.

 Тамшылатып суаруәдiсiн 1000 гектар жерге енгiзу жоспарланып, есептi мерзiмде 1347 гектар жерге ендiрiлiп, 134,7 пайызға орындалды. Тамшылатып суару әдiсi негiзiнен жемiс-жидек пен жүзiмдiк алқаптың 987 гектарына, бақшаның 60 гектарына, мақтаның 300 гектарына енгiзiлдi. Қолданылған жалпы жер көлемi соңғы төрт жылда 7 335,5 гектарды құрады. Ағымдағы жылы 55 гектар жерге қарқынды бау, 767 гектар жерге жүзiм егiлдi.

                                                                                                          

 Ауыл шаруашылығы кооперативтерi                               

2017 жылы 6 бiрлiк  ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативтерiн ашу жоспарланса, есептi мерзiмде 83 бiрлiк ауыл шаруашылығы кооперативтерi құрылды. Ашылған кооперативтердiң 8-i мал шаруашылығымен, 6-сы егiн шаруашылығымен, ал қалған 69-ы аралас бағытта жұмыс iстейдi. Жалпы              83 кооперативке барлығы 972 азамат мүше болып тіркелген.              

                                                                                                            

«Сыбаға» бағдарламасыбойынша ағымдағы жылы 3030 iрi қара мал алынып, тапсырма (жылдық жоспар - 1226 бас) 2,5 есеге орындалды. Бағдарлама аясында бүгiнгi таңға жалпы 15472 бас IҚМ сатып алынды.

«Құлан» бағдарламасыбойынша 103 бас жылқы аналығын алу жоспарланып, 115 бас бие сатып алынды, 111,7 пайызға орындалды, жалпы бағдарлама аясында 615 бас жылқы аналығы сатып алынды.

«Алтын асық» бағдарламасыбойынша 4222 бас аналық қой алынып (жылдық жоспар 2060 бас), тапсырма 2,0 есеге орындалды. Бағдарлама аясында жалпы 16882 бас аналық қой алынды.

269 бiрлiк мал бордақылау алаңдарын ашу жоспарланса, 277 бiрлiк ашылып, 103 пайызға орындалды. Жалпы 906 бiрлiк мал бордақылау алаңдарында 18050 бас IҚМ-дан тiрi салмақта 7580,2 тн ет өндiрiлдi.

Жанұялық сүт аулаларын ашу60 жоспарланса, есептi мерзiмде                       66 бiрлiк шағын жанұялық сүт аулалары ашылып, тапсырма 110,0пайызға орындалды. Жалпы 180бiрлiк жанұялық сүт аулаларында 3156,8 тн сүт өндiрiлдi.                                                                                                        

Қала бойынша мал басы және өнiмдерi мен өнiмдiлiгi өткен жылмен салыстырғанда едәуiр артты:

Мал басы:IҚМ басы 83,1 мың бас, (2016 жылы 76,3 мың бас) 117,6%-ға, қой-ешкi 414,6 мың бас, (2016 жылы 387,1 мың бас) 108,2%-ға, жылқы                  12,5 мың бас, (2016 жылы 9,3 мың бас) 131,1%-ға, түйе 3,0 мың бас,                      (2016 жылы 2,7 мың бас) 107,1 %-ға, құс 120,9 мың бас, (2016 жылы                       96,4 мың бас) 103,0 %-ға, шошқа 1,1 мың бас, (2016 ж. 1,0 мың бас) 110,0%-ға орындалды.

Мал өнiмдерi: ет 15,9 мың тн (14,7 мың тн) 108,0 %, сүт 62,8 мың тн (62,4 мың тн) 100,6 %, жұмыртқа 10,9 млн. дана (2016 ж. 10,2 млн. дана) 107,5% құрады, жүн 0,8 мың тн болып, (2016 ж. 0,7 мың тн) 101,5%-ға артты.                                  

2 Бағыт: Әлеуметтік сала     

Бiлiм саласы                                                                             

Есептi мерзiмде, қала бюджетiнiң 59,6 пайызы немесе 19113,2 млн. теңге қаржы бiлiм беру саласына бағытталды.

Бiлiм беру саласының құрылыстарына 685,2 млн. теңге игерілді, оның iшiнде 3 нысан құрылысын аяқтауға: Н.Төреқұлов атындағы 200 орындық мектеп құрылысын аяқтауға 171,7 млн. теңге, Жүйнек ауыл округiндегi                    120 орындық балабақша құрылысына 169,3 млн. теңге, Қарашық ауыл округiндегi 120 орындық балабақша құрылысына 163,8 млн. теңге.

2 нысан өтпелі: Қосқорған ауылындағы 200 орындық мектеп құрылысы 152,0 млн. теңге, С.Рахимов жалпы орта мектебiнiң акт залы және асханасының құрылысына 28,4 млн. теңге.     

Одан бөлек, 41,5 млн.теңгеге 7 нысанның жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде.                                                                                                                                                                       

Қалада 2669 мектеп бiтiрушiлердiң 1710 оқушы ҰБТ тапсыруға өтiнiш берiп, 1655-i тест тапсырды. 2016 жылы 2631 оқушының 1493-i ҰБТ қатысқан, тест тапсырған оқушының саны 162-ге артты. Орта балы - 76,04 болды (2016 жылы орта балы 81,59 құрады). Бітірушілердің 572 оқушы грантқа, 111 оқушы «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түскен.

«Алтын белгi» иегерлерiнiң саны 130 құрап, 2016 жылмен салыстырғанда  66 оқушыға, «Үздiк аттестат» саны 78 құрап, 38 оқушыға артты. Оның ішінде   ҰБТ қорытындысымен  83 оқушы білімін растады немесе 63,9 пайыз.

Қала бойынша 3-6 жастағы бала саны 20 363 құрайды. Жалпы                          75 балабақшада, оның iшiнде мемлекеттiк 34балабақшада 4545бала,                    41жекеменшiк балабақшада 4530бала, 63 шағын орталықтарда 8 740бала, барлығы 17815бала балабақшамен қамтылып 87,5пайызды құрап отыр.

 

Жастар саясаты

Бүгінгі таңда  қаламызда 14-29 жас  аралығындағы жастар саны-                     69981 яғни, қала тұрғындарының  27 пайызын  құрайды.

Оның ішінде  ауылдық округтерде  25002  ауыл  жастары  болса, қала жастарының саны -44979.

Түркістан қаласы  аумағында  1 жоғарғы, 12 орта  арнаулы оқу  орындары бар. Оның ішінде жоғарғы оқу орнында  -5258  студент, ал орта арнаулы оқу орнында  -6929 студент білім алып келеді.

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 2017 жылы абаттандыру және көгалдандыру бойынша 100 жас жұмыс атқарды. Студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қаладағы құрылысы жүріп жатқан нысандарда 79 жас  жұмыс жасады. Кадрдың жетіспеушілік проблемаларын шешу мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында  2017 жылы                10маман бағдарлама аясында жұмысқа орналасты.

«Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы» атты мерекелік іс-шара   аясында ерікті топ  ретінде  45 студент  қонақтарға қызмет көрсетті.

2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысына еріктілерге 150  орын бөлінген,  оның 100-і Шымкент  қаласына, қалған                 50-і аудан, қалаларға бөлінген, соның ішінде 37 ерікті Түркістан қаласынан жіберіліп, Астана қаласында қызмет көрсетті.

Денсаулық сақтау                                                                            

Түркiстан қаласында 413 дәрiгер, 1524 орта медицина қызметкерлерi жұмыс жасайды, дәрiгерлермен қамтамасыз етiлу көрсеткiшi 10 мың адамға шаққанда 15,9 (облыс көрсеткiшi - 27,8), орта буын медицина қызметкерлерiмен қамтамасыз етiлу көрсеткiшi 10 мың адамға шаққанда 58,7 (облыс көрсеткiшi - 85,1) құрады.                                          

Нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2017 жылы                    61 бала шетінеп, көрсеткіш -8,9 болды.  Түркістан қаласы бойынша  6890 сәби дүниеге келген.  61/6890*1000= 8,9. Өткен жылы 92 сәби шетінеп,  көрсеткіш   11 пайызды құраған.

     Ана өлім-жітімінің100 мың тірі туылғандарға шаққанда  2017 жылы  3 ана өлімі тіркеліп,43,5 көрсеткішті құрады (қалада-2, Ескі Иқан-1).

    Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім.

    Онкологиядан өлім-жітімнің 100 мың адамға шаққанда 2016 жылы    130 өлім жағдайы тіркеліп,  көрсеткіш 50,3 құраса, 2017 жылы 141 өлім жағдайы тіркелген, көрсеткіш  54,6 құрады (жоспар 48,4). Түркістан қалалық емханасынан – 108  науқас,   Акмарал-8, ХҚТУ-12; Талгат -11; Облыстық балалар ауруханасы-2 көз жұмған.                                                                            

 

Әлеуметтiк сала                                                                               

Қала халқының саны 262,0 мың адамды құрады, оның iшiнде экономикалық тұрғыдан белсендi халық 102,9 мың адам.

Жұмыссыздар    саны  5230  адамды  құрап,           жұмыссыздық деңгейi  5,1 пайызды құрады.                                                                                 

2017 жылы кешендi жоспар бойынша 5258 адамды қамту жоспарланған, оның iшiнен 1926 адам жұмыссыздар, 1893 адам нәтижесiз жұмыспен қамтылғандар, 1439 адам жұмыс iздеушiлер қатарындағы санаттары белгiленген.                                                                                          

Есептi мерзiмде 7127 адам қамтылды, орындалуы 135,5 пайызды құрап отыр.

Оның iшiнде санаттары бойынша:

- Жұмыссыздар - 3109 адам немесе 161,4 пайыз.

- Өздiгiмен жұмыспен қамтылғандар - 2101 адам немесе 111,0 пайыз.

- Жұмыс iздеушiлер - 1542 адам немесе 107,2 пайыз.                                                                          

                                                                                                               

1-бағыт «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету».

2017 жылы бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi қайта даярлауға жалпы 1541 азамат жоспарланған, оның iшiнде кәсiби даярлауға 1017 азамат, қайта даярлауға қысқа мерзiмдiк оқуға 524 азамат. Жыл ішінде  375 азамат кәсiби даярлауға (оқу мерзімі 2 жыл 10 ай), 964 азамат қысқа мерзімдік оқуға (3 ай) жолданып, 505азамат  тұрақты жұмысқа орналасты.

2-бағыт         «Жаппай  кәсiпкерлiктi      дамыту».                   

2017 жылы 139 азамат шағын несиелендiруге жоспарланған (қаралған қаржысы 506,2 млн. теңге). Есептi мерзiмде қаржы ұйымдарынан 145 азаматқа 655,8 млн. теңге шағын несие берiлдi. Оның iшiнде 73-i өз iсiн ашуға, қалған               72 азамат өз iсiн кеңейтуге ашқан. Несие алған азаматтар арқылы қосымша               139жаңа жұмыс орны ашылды.                                                       

3-бағыт «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту».

Әлеуметтiк жұмыс орындарын құру жоспары 400, орындалуы 555 азамат, жастар практикасына жоспары 350, нақты орындалуы 422 азамат, ақылы қоғамдық жұмыстарға жоспары  500,  орындалуы 509 азамат, жаңа жұмыс орындарына 262 азаматтарды қатыстыру жоспарланып, 720 азамат қамтылды.

Тұрақты жұмысқа 2266 азаматты қатыстыру жоспарланып, 3437 азамат бағдарлама шеңберiнде қатыстырылып жұмыспен қамтылды.

 «Өрлеу» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша ақшалай көмекке                     2017 жылы республикалық бюджеттен 550,7 млн. теңге, жергiлiктi бюджеттен 593,6 млн. теңге 2696 отбасына тағайындалып, қаралған қаржы толығымен игерiлдi. 2017 жылы «Өрлеу» жобасына қатысқан отбасылардың қаржыны мақсатты жұмсалуының нәтижесінде 2696 адам өз кәсібін ашқан.

Атап айтқанда: мал шаруашылығымен – 1969 адам, құс шаруашылығымен – 110 адам, тігіншілікпен – 35 адам, сауда саттықпен – 44 адам, наубай хана ісімен – 12 адам, әсімдік салонымен – 5 адам, жылы жай ісімен – 3 адам, пластик және ағаш өндіріс цехымен айналысу бойынша – 15 адам, темір өндіріс цехымен – 55 адам, басқа салалар бойынша – 448 адам (такси қызметі, жүк тасмалдау қызметі, медициналық қызмет, компьютерлік қызмет және т.б.)

 Мүгедектерді әлеуметтік шаралармен қамту мәселелері бойынша                   3747 адам өтініш беріп, 2368 адам қамтылды немесе 63,2 пайызды құрады.

Атап айтқанда: протез-ортопедиялық құралымен 77, міндетті гигиеналық құралмен 953,  жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге 653, ымдау тіл маманының әлеуметтік қызметін көрсетумен 72, жаңадан енгізілген техникалық көмекші құралдарымен 130, сурдо-тифло техникалық құралдарымен 33,  т.б қамтылды.

Тұрғын үй жәрдемақысыбойынша 2017 жылы 1482 отбасына,                      39,6 млн. теңге қаржы игерiлдi (2016 жылы 1908 отбасы, 31,2 млн. теңге).

 

Мәдениет, спорт және туризм

Мәдениетсаласында 1242 мәдени iс-шара өткiзiлiп, оған 230,0 мыңға жуық адам қатысты.

Қала тарихындағы елеулi оқиға 2017 жылы «Түркiстан - түркi әлемiнiң мәдени астанасы» мәртебесiне ие болуы. «ТҮРКСОЙ» ұйымы аясындағы бұл шара қаланың халықаралық деңгейдегi атының танылуына, әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлкен жол ашып отыр.

Осыған орай «Наурызнама» атауымен 20 түркiтiлдес мемлекеттерден                300-ден астам өкiлдерiнiң қатысуымен Түркiстанда Наурыз мерекесi халықаралық дәрежеде аталып өттi.

Осылайша бастау алған мәртебелi шара аясында жыл көлемiнде 40-тан астам түрлi мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылып, қаламыз «ТҮРКСОЙ» ұйымы тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Спорт саласы

Есептi мерзiмде, 225 спорттық iс-шаралар өткiзiлiп, өткен жылмен салыстырғанда 27 жарысқа көбейдi. Осы iс-шараға қатысушылар саны                  23850 адамды құрап, (2016 жылы 21215 адам) өткен жылмен салыстырғанда 2635 адамға артты.

Жетістіктері:Волейболдан 2002-2003 жылы туылған  ұлдар арасында өткен облыс біріншілігінде жеңімпаз атанды, 2001-2002  жылы туылған ұлдар арасында  Қазақстан Республикасының чемпионатында 3 орын алды.                  2004-2006 жылы туылғандар арасында өткен облыс біріншілігінде І орын алды.Молдаш  Кемелбек  қазақ күресінен  Қазақстан Республикасының чемпионы, Якутия  елінде  Азия балаллары ойындарының жүлдегері атанды.             

Алтынбек Нұрдаулет қазақ күресінен  Қазақстан Республикасының чемпионы, Алматы қаласында өткен Евразия ойындарының жеңімпазы. Нұрғали Әуез қазақ күресінен  Қазақстан Республикасының  ауыл жастары ойындарының жеңімпазы, дзюдо күресінен  Қазақстан Республикасының чемпионы. Нұрмағанбет Бек бокстан  Азия чемпионатында 2 орын алды.  Бокстан Н.Ә.Назарбаевтың кубогының жеңімпазы, ХДСШ Санкт - Петербург қаласында өткен  Жастар арасында әлемнің күміс жүлдегері атанды.

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы аясында Жiбек жолы ауылындағы спорт алаңын ағымдағы жөндеуден өткiзу жұмыстарына 7,1 млн. теңге игерiлдi.         Жеке кәсіпкерлердің есебінен 6 жабық шағын футбол алаңдары іске қосылды.

Туризм саласы                                                                                  

2016 жылы қалаға 1 млн. 60 мың зияратшылар мен туристер, оның iшiнде 24,9 мың адам алыс-жақын шетел азаматтары келген болса, 2017 жылы жалпы 1 млн. 144 мың зияратшылар мен туристер келген, оның iшiнде 35,5 мың адам алыс-жақын шетел азаматтары. Осылардың нәтижесiнде орналастыру орындарымен көрсетiлген қызметтерден 150,0 млн. теңге табыс түсiп, туризмнiң үлесi қала экономикасының ұлғайуына өз пайдасын қосып отыр. Туристiк нысандарды көбейту және сервистi жетiлдiру бойынша 2016 жылы 708 адамды қабылдауға мүмкiндiгi бар 12 қонақ үй болса, жыл басынан берi жоғары деңгейлi 3 қонақ үйi iске қосылып, барлығы 889 жатын орынды құрап, келген қонақтардан 5 300 млн. теңге табыс түскен.

Қоғамдық қауіпсіздік                                                                     

Жалпы 2434 құқық бұзушылықтар тіркеліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 6,8 пайызға азайды.

Оның ішінде: ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 182 жағдай тіркеліп, 19,0 пайызға, мәжбүрлеу 8 жағдай, 33 пайызға артқан.

Қасақана кісі өлтіру4 жағдай тіркеліп, 20,0 пайызға кеміген, бұзақылық 93 жағдайды құрап, 6,1 пайызға, ұрлық 1550 жағдайды құрап, 9,6 пайызға, пәтер тонау 413 жағдай, 10,2 пайызға, мал ұрлығы 109 жағдай, 18,0 пайызға, алаяқтық 191 жағдай, 8,2 пайызға, есірткі 47 жағдайды құрап, 23,0 пайызға кеміді.

Қылмыстың ашылуы 76,3 пайызды құрады (обл.75,5 пайыз).

Қоғамдық орындарда392 құқық бұзушылықтар тіркеліп, 26,7 пайызға,   көшелерде 208  жағдай тіркеліп, 26,8 пайызға  кеміген.

2017 жылы  мұндай оқиғалардың 146  дерегі тіркеліп, (37 239 автокөлік) 39,2 пайызды құрады.

 

3 Бағыт:Инфрақұрылым

Құрылыс

Мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына «Отырар» мөлтек ауданында 5 қабатты көппәтерлi 8 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 480 пәтер пайдалануға берілді. Одан бөлек, 5 қабатты 20 тұрғын үй құрылысының ЖСҚ-ның сараптамалық қорытындысы алынып, тиісті басқармаларға  қаржыландыру үшін ұсынылды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 12 369,9  млн.теңгеге орындалып, өткен жылмен салыстырғанда (11 863,5 млн.теңге) нақты көлем индексі  100,8  % құрады.

Пайдалануға берiлген тұрғын үйдiң жалпы алаңы 81,6 мың шаршы метрдi құрап, өткен жылмен салыстырғанда 57,2 пайызға артты.

 

Автокөлiк жолдары

Түркiстан қаласында 1365 көше, оның iшiнде қалада 875 көше (764 шқ), ауылдық жерлерде 490 көше (520 шқ) бар.

2017 жылы МКТУ аумағынан Отырар мөлтек ауданына баратын жолдың күрделі жөндеу жұмыстарына 164,6 млн теңге қаржы игерiлдi. 25 көшенi орташа жөндеу жұмыстарына 474,3 млн теңге, 22 көшеге тас төсеуге 118,6 млн теңге, 24 көшенi ағымдағы жөндеуге 36,3 млн теңге қаралып жұмыстар толықтай жүргізілді. Жалпы 36,5 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек ауылдық округтерде 11 көшенi орташа  және тас төсеу жұмыстарына 82,8 млн теңге қаралып қажетті жұмыстар толығымен орындалды. 5 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 57 млн теңгеге ЖСҚ-ы әзірленді. Жалпы 933,6 млн теңге игерiлдi.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

 

Тұрғын үйлердi жаңғырту бойынша

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында                   2020 жылға дейін қала аумағындағы 105 көпқабатты тұрғын үйлердің                        72 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

2012-2016 жылдары аралығында  қала аумағында 28  көпқабатты тұрғын үйлерге «Шымкент Күрделі құрылыс» ЖШС мен «Түркістан жарық тазалық» ЖШС тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 2017 жылы 15 көпқабатты тұрғын үйлерге  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жылумен қамтамасыз ету

Түркістан қаласында орталық жылу қазандығының қуаттылығы 20 Гкал (резервтегі қазан 20 Гкал). Орталық жылу қазандығы бүгінгі таңға 75 көп қабатты үйлерге, 62 жеке меншік үйлерге, 24 бюджеттік және 59 коммерциялық объектілерге жылу береді. Қазандықтың орташа жылу шығыны – 16 ГКал.      

«Отырар» мөлтек ауданында 2 қазандық іске қосылып, 12 көпқабатты тұрғын үйлерге жылу және жылы су берілуде.

 Табиғи газбен қамтамасыз ету                                     

 2013 жылы «Бекзат» ықшам ауданында «ҚазТрансГазАймақ» ҰК өз қаражатына 3018 тұрғын үйге газ құбырларын жүргізді. Бүгінгі таңда                   1823 тұрғын үй газбен қамтылып отыр. Қалған үйлерге газ құбырына  қосу жұмыстары жүргізілуде.

«Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету (1 кезек)» нысаны бойынша 2015-2016 жылдары құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, 2016 жылдың қараша айында пайдалануға берілді. Аталған нысан бойынша 7500 абонент, немесе 30 000-нан астам халық табиғи газбен қамтылады. Оның ішінде                  2218 абонент табиғи газбен қамтылды.  Бүгінгі таңда табиғи газға қосылу мақсатында 1732 тұрғын үйлер өз өтініштерін  берді.

2017 жылы «ОҚО, Түркістан қаласы, Ескі Иқан ауылдық округі Ескі Иқан елді мекенін газбен жабдықтау жүйесінің құрылысы» нысанының құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

Электрмен қамтамасыз ету

Түркістан қаласы бойынша 36 елді мекеннің 35 елді мекені толығымен электр қуатымен қамтамасыз етілген. Қамтылмаған Егізқара елді мекеніне күн сәулесінен электр қуатын өндіретін қондырғылар орнатуды мемлекеттік жекеменшік әріптестігі арқылы іске асыру жоспарлануда.     

Қала аумағында 2007 жылға дейін берілген жер телімдерінің есебінен құрылған жаңа тұрғын үй массивтерін сапалы электрмен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы 2017 жылы  2 нысанның (Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғын массивтерді электрмен қамтамасыз ету құрылысы (ІІ кезек) 221,2 млн. теңге,  Түркістан қаласы «Бекзат» мөлтек ауданын электрмен қамтамасыз ету құрылысы (ІІ кезек) 248,8 млн. теңге), құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді, осы аумақта 1610 тұрғын үй сапалы электрмен қамтылды. Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы «Сауран» және «Иассы» мөлтек аудандары мен Шәуілдір тас жолы бойындағы «Отырар» мөлтек ауданын электрмен қамтамасыз ету құрылыстарына жобалау сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, басқармаға өткізілді.

Сонымен қатар қала аумағына және ауылдық округтерге қосымша                        18 трансформатор қондырғылары орнатылды. Тұрғындарды сапалы электрмен жабдықтау көрсеткіші 72 пайызға жеткізілді.

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Түркістан қаласы және 35 елді мекеннің 27-сінде 235,5 мың адам орталықтандырылған ауыз су жүйесімен, немесе қала халқының 90,0 пайызы қамтамасыз етілген.

Қала ішінде  1738,5 шақырым жаңадан су құбырының жүйесі жүргізілді. Оның ішінде 30783 абонент Кентау-Түркістан  топтамалы су құбыры арқылы сағатына 928,6-1200 м3 су пайдалануда. Бұл құбыр арқылы сағатына 1650 м3 су алу мүмкіндігі бар.

Халық санының өсімі 350,0 мың адам құраған жағдайда, бұл құбыр арқылы ауыз сумен толық қамту мүмкіндігі жоқ. Сол себепті, Түркістан қаласы Оранғай ауыл округіндегі  сыйымдылығы 20 мың м3 су қоймасы жанындағы Қарашық жер асты су кенінен (ара қашықтығы 3,0 шақырым) су алу жұмыстарын жүргізу қажет. Атап айтқанда аталған су кенінен жер асты су қорын барлау жұмыстарын жүргізуге, ОҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына тапсырыс берілді. Қорытынды алынғаннан кейін қажетті су ұңғымалары қазылуына және су қоймасына дейін су құбыры жүргізуге жобалау-сметалық құжаттары дайындалады.

         Бүгінгі таңға ауыз су саласы бойынша 2 нысанға облыстық бюджеттен 194,3 млн.теңгеден қаржы бөлініп, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда Шаға а/о қарасты Бершінтөбе елді мекені және Иассы а/о қарасты Шойтөбе елді мекені.

         Түркістан қаласы бойынша 3 елді мекеннің құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде, атап айтқанда;

         1. «Түркістан қаласы Шаға елді мекеніндегі су құбырларының құрылысы»;

         2. «Түркістан қаласы Қаражон елді мекеніндегі су құбырларының құрылысы»;

         3. «Түркістан қаласы, Ескі Сауран елді мекеніндегі су құбырларының құрылысы» нысандары.

 

          

      Сарқынды су

Қалада қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 сарқынды су тазалау имараты сонымен қатар 27 сарқынды су насосы және 127,5 шақырым сарқын су магистралды  құбыры іске қосылған. Халық санының өсуіне байланысты                 210,5 шақырым сарқынды су құбыры және 18 насос станциясы құрылысын жүргізу қажет.

         Түркістан қаласы бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін, қала ішінде 19064 тұрғын орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамтылған, немесе 11,9%. 

         Бүгінгі таңға, қала ішіндегі сарқынды су жүйесімен қамтылмаған аумақтарды орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы ЖСҚ әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге                     3 нысанға қаржы бөлдіруге ұсыныс берілген, атап айтқанда:

         1. «Түркістан қаласы квартал ішілік сарқынды су жүйесінің құрылысы                  (ІІ-кезек)»;

         2. «Түркістан қаласы, ХҚТУ тұрғын үй массивіндегі сарқынды су жүйесінің құрылысы»;

         3. «ОҚО, Түркістан қаласындағы әлеуметтік нысандардың квартал ішіндегі канализациялық жүйесінің құрылысы».

        

      4. Бағыт: Ауылдық аймақтарды дамыту, экология және жер ресурстары

      5 Бағыт: Мемлекеттік қызметтер

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары арқылы                            16 718 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, электрондық үкімет порталы арқылы 10896 қызметтің түрі ұсынылды.

 Барлық ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарына портал арқылы қызмет көрсету және кеңес беру үшін арнайы «Өзіне –өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылды.

 Үйден шықпай  электронды үкімет порталына ұялы телефон  арқылы                30 қызмет түрін алу қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

 Құжат айналымы                              

Түркістан қаласы әкімі аппаратына 2017 жылы азаматтардан 5010 өтініштер келіп түсті. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда  6196яғни 1186 өтінішке азайып отыр.

 

Оның ішінде:                                                                                       

-       жеке тұлғалардан 4471 өтініш (2016 жылы 5618 өтініш),  1147 өтінішке азайған);

-       заңды тұлғалардан 312 өтініш (2016 жылы 304 өтініш), 8 өтінішке артқан;

-       қала әкімі азаматтарды жеке қабылдауы 227 өтініш(2016 жылы                    274 өтініш),  47 өтінішке азайған;

 

2017 жылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және қала әкімі орынбасарларының жеке қабылдауында болған азаматтардың өтініштерін салалар бойынша талдау жасайтын болсақ:

-       3131 немесе 65,4% -ауыл шаруашылығы мен жер мәселелері бойынша:

-       439 немесе 9,1% - тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласы, ауыз су, табиғи газ көлік, жол, мәселелері

-       421 немесе 9% -әлеуметтік сала  бойынша

-       241 немесе 5% - баспана мәселесі туралы

-       201 немесе 4,1% - түрлі мәселелер

-       151 немесе 3,1% - жұмыс мәселесі бойынша

-       102 немесе2,1%– өнеркәсіп және кәсіпкерлік бойынша

-       79  немесе 2% - білім беру мәселелері бойынша

-       18  немесе 0,3% - экологиялық анықтама бойынша

Көптеген өтініштер тұрғын үй салу үшін жер телімін беруді, тұрғын үйіне мемлекеттік акт алуға қаулы сұраған.

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…