«БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны іске қосты.

 Біз БЖЗҚ кеңсесі жоқ шалғай ауданда тұрамыз. Енді барлық қызметтерді Қазпошта бөлімшелерінен алуға болатыны жайлы естідім. Бұл ақпарат қаншалықты рас?

Дұрыс ақпарат. 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап еліміздің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту мақсатында «БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны іске қосты. Бүгінгі күні 94 елді мекен тұрғындары Ұлттық пошта байланыс операторы арқылы келесі қызмет түрлерін ала алады:

·      салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш беру).

·      ақпараттандыру тәсілін өзгерту (анықтау) туралы келісімге қол қою (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін).

«Қазпошта» АҚ арқылы қызмет көрсетуге Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының елді мекендері қосылған.

Сіздің елді мекеніңіз біздің қызметтер көрсетілетін тізімде бар/жоғы жайлы Қор сайтынан біле аласыз  https://www.enpf.kz/ru/services/kazpost/index.php

БЖЗҚ кеңселері жоқ шалғай елді мекендер мен аудандар үшін «Казпошта» АҚ-да «Мобильді кеңсе» көшпелі қызмет көрсету бөлімі сәтті жұмыс істейді, ол online режимінде барлық қызметтерді ұсынады.

 «Мобильді кеңсе» - ол барлық қажетті техникамен және спутниктік байланыспен жабдықталған заманауи жоғары технологиялық микроавтобус. Бұл жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы барлық қызметтерді ұсынады және кеңседен еш кем емес: мұнда операторлар үшін екі автоматтандырылған жұмыс орындарымен жабдықталған жұмыс бөлімі, азаматтар үшін отыратын орындар және күтушілер үшін қосымша қарастырылған үш орынды орындықтар бар. Бір келгенде «Мобильді кеңсе» қызметкерлері орта есеппен 60-қа жуық салымшыға қызмет көрсетеді.

«Мобильді кеңсе» арқылы Қор бөлімшелерінде көрсетілетін қызметтер түрін алуға болады. Атап айтқанда - жеке зейнетақы шотын ашу, ақпараттандыру тәсілін өзгерту, шоттан үзінді көшірме алу немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аударуға өтініш беру.

Шалғай аудандарға көлік алдын-ала жоспарланған кесте бойынша жол жүреді. Барлық бағыттар жергілікті атқарушы органдармен келісіліп, тұрғындар мамандардың келуіне дейін хабардар болады. Сондықтан сіз жергілікті атқарушы органға елді-мекеніңізді сапар кестесіне қосу туралы өтінішпен хабарласыңыз.