МҮГЕДЕКТІҢ ЖЕКЕ ОҢАЛТУ БАҒДАРЛАМАСЫНА СӘЙКЕС ЖҮРІП-ТҰРУЫ ҚИЫН БІРІНШІ ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕКТЕР ҮШІН ЖЕКЕ КӨМЕКШІНІҢ ЖӘНЕ ЕСТУІ БОЙЫНША МҮГЕДЕКТЕР ҮШІН ЫМДАУ ТІЛІ МАМАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

Бекітемін

Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басшысы А.Айменов ______________________

 2015 жылғы «12» наурыз№4 бұйрық

Мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын

бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі мамандарының қызметіне мемлекеттік сатып алулар қызметтеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді іске асырудың ерекше тәртібін қолданумен үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік сатып алуды іске асыру жөнінде

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

         Тапсырыс беруші:«ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ, ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ: ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ, Қ.ТӘТІБАЕВ КӨШЕСІ, Н/З, тел. 8(72533)4-09-60, 8 (72533) 4-09-17 СТН582000212760,БСН 990440004972,БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ58070103KSN5820000, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ, ТҮРКІСТАН қ.

Тапсырыс берушінің өкілі:БУРАНБАЕВ СҰЛТАН ТҰРМАХАНҰЛЫ - конкурстық комиссияның хатшысы

тел. 8(72533) 4-09-60, 8 (72533) 4-09-17

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:«ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ, ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ: ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ, Қ.ТӘТІБАЕВ КӨШЕСІ, Н/З, тел. 8(72533) 4-09-60, 8 (72533) 4-09-17 СТН582000212760,БСН 990440004972,БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ58070103KSN5820000, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ, ТҮРКІСТАН қ.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі:

Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жекелеген санаттағы азаматтарға және мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету секторының бас маманы, 8 (72533) 4-09-60, ОҚО, Түркістан қаласы, Қ.Тәтібаев көшесі, н/з үй, 202 іс-бөлме С.Т.Буранбаев

Конкурстық құжаттаманың құны:конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.

1. Жалпы ережелер.

1. Мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі мамандарының қызметіне мемлекеттік сатып алулар қызметтеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді іске асырудың ерекше тәртібін қолданумен үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік сатып алу бойынша жеткізушіні таңдау мақсатында өткізіледі          

2. Қызметтердімемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурс үшін бөлінген сома

51 086 000,00 (елу бір миллион сексен алты мың) теңге:

     Лот № 1 – мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес қозғалуда қиындық көретін             1 топ мүгедектері үшін жеке көмекшілер қызметі – сомасы 48 180 300,00 (қырық сегіз миллион жүз сексен мың ) теңге,

     Лот № 2 –   мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі мамандарының қызметтері - сомасы 2 906 000,00 (екі миллион тоғыз жүз алты мың ) теңге.                                                                                                                   

            3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) Осы конкурстық құжаттаманың 1 қосымшасына сәйкес сатып алатын қызметтің тізбесі;

2) техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын қызметтерге талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын конкурстық құжаттаманың                             2 қосымшасына сәйкес

3) осы конкурстық құжаттаманы 3 қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;

4) осы конкурстық құжаттамаға 4 қосымшаға сәйкес нысандар бойынша қызметтерді көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының               17-ба-бына 4-тармағына (бұдан әрі – Заң) және әрбір критериінің пайыздық маңызын көрсе-тумен Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру ережелеріне сәйкес ең жақсы сапалы қызметтерді ұсынатын қатысушыларды және Конкурсқа қатысушыны анықтау мақсатында, жеңімпазды анықтау кезінде конкурстық комиссиямен есепке алынатын міндетті критерийлер тізбесі.

           Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданыс мерзімі 35 күн.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық

құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі.

4. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2015 жылғы 20 наурыздан кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге тиіс. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мына мекенжай бойынша жіберу қажет: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Қ.Тәтібаев көшесі, н/з үй.

5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:

           1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;  2) конкурстық құжаттамасын түсіндіру            мәтінін тапсырыс берушінің интернет қорына жариялау.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2015 жылғы 26 наурыз   10 сағат 50 минут мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он бес күні мерзіміне ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет қорына жариялайды.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынылған әлеуетті өнім берушілермен немесе олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың қағидаларын түсіндіру үшін кездесу өткізуге құқылы, мекенжайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Қ.Тәтібаев көшесі н/з үй, 202 кабинет, 2015 жылғы 18 наурыз .

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің www.turakimat.gov.kz интернет қорында  жариялайды.

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы

Конкурсқа қатысуға өтінім

9. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

10.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 3 -қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;

заңды тұлға қызметті жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайда қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн ұсынады;

лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткiзуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі.

Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын;

3) әлеуеттi өнім берушiнiң арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;

осы конкурстық құжаттамаға 4,  сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi.

4) көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) қызметтердi көрсету көлемдерi мен сапасына, қызмет көрсету шығыстарына кепiлдiк беру суреттелген техникалық ерекшелiктердi;

5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

      

             Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

           11. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды   ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, мөрімен куәландырылады.( егер жеке тұлға болса).

           Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен, мөрімен куәландырылған түрде беріледі.

           12. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі тиіс       (егер жеке тұлға болса)

           13. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.

           14. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін тиіс: «жұмыстарды сатып алулар бойынша конкурс»: Мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі мамандарының қызметіне мемлекеттік сатып алулар қызметтеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді іске асырудың ерекше тәртібін қолданумен үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік сатып алуды іске асыру жөнінде САТЫП АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС және 2015 жылдың 26 наурыз   11-00 сағат "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ"

           Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

           15. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекенжайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып, 2015 жылдың 26 наурызды   қоса алғанда 10-50 сағатқа дейін «Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 161200, Оңтүстік Қазахстан облысы, Түркістан қаласы, Қ.Тәтібаев көшесі н/з үй, 202 бөлме, Буранбаев Сұлтан Тұрмаханұлына.

           16. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

           17. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

           18. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған кон-верттер қабылданбайды және тіркелмейді.

Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

           19. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

           Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші қол қойып, бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.( егер жеке тұлға болса),

           Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

           20. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

           21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгі-ленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күн-тізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

           1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу.

           22. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

         23. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия жүргізеді 2015 жылдың 26 наурыз 11 сағ. 00 мин «Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Қ.Тәтібаев көшесі н/з үй, № 202 бөлме

         Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында және осы кон-курстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім беру-шілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

         Егер конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қаты-суға арналған осы өтінім де ашылады.

         24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс, «Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Қ.Тәтібаев көшесі н/з үй, № 202 бөлме,                            2015 жылдың   26 наурыз 10 сағ. 50 мин.

         Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

         25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

         26. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

         1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

         конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

         конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;

         конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінің бар немесе жоқ екендігі,

         конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

         тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

         2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

        конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

         3) конкурстық комиссияның хатшысы:

         тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

         Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комис-сияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

         Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін кон-курсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комис-сияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешік-тірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

       5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу

       27. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

       28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

       1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

       2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

       Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжат-тармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

       Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап береді деп қарайды.

       29. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

       1) әлеуетті өнім берушінің көрсетілетін қызметке бірлесіп орындаушыны тартқан жағдайда;

       2) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.                       

       Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағында қарастырылмаған негіз-демелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

       30. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:

       1) ол біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

       2) Заңның 6-бабының талаптарына сәйкес келмесе.

         Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

       конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

       Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

       31. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

             Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің нтернет қорында орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.

           6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға                                                                  ұсыныстарын ресімдеуі

           32. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:

           1) конкурстық баға ұсынысының нысаны конкурстық құжаттаманың                               5 қосымшасына сәйкес басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен бекітілуі тиіс;(егер жеке тұлға болса)

           2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

         3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

         33. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «жұмыстарды сатып алулар бойынша конкурс»:

САТЫП АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС – дейін КОНКУРСТЫҚ БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН АШУҒА БОЛМАЙДЫ.

         Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.

       7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау

     34. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

     Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

     Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

     конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

     конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

     конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

     35. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

     36. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

     37. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

     38. Конкурстық комиссия:

     1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды,

жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

     2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

     3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;

     4) ең төмен шартты төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

     39. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi туралы хаттаманың әрбiр бетiне конкурстық комиссияның отырысына қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссяның хатшысы қол қояды.

      40. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.

      

8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

     41. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт негiзiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа тапсырыс беруші қол қояды және өнім берушіге жібереді.

     42. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бiр қаржы жылынан артық мерзiмге оны жасасу туралы ережелердi қамтуы тиiс.

    43. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

       Отандық тауар өндірушілермен және отандық жұмыстарды орындаушылармен, қызметтерді көрсетушілермен шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу шартын қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

     44. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаған жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.

     45. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

     1) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

                                                                                                                     Конкурстық құжаттамаға

           1 -қосымша

Мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі мамандарының қызметіне мемлекеттік сатып алулар қызметтеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді іске асырудың ерекше тәртібін қолданумен үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік сатып алу конкурсы



лота
Тапсырыс

берушінің

атауы

Тауар

(жұмыс, қызмет)

атауы

Өлшем

бірлігі
Саны,

көлемі
Беру

шарттары

(ИНКОТЕРМС

2000сәйкес)


жеткізіп беру

мерзімі


жеткізіп беру

орны
Аванстық

төлем

мөлшері,

%
Лот бойынша бөлінген сома, теңге

1

2

«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес қозғалуда қиындық көретін 1 топ мүгедектері үшін жеке көмекшілер қызметі

мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі мамандарының қызметтері

қызмет

қызмет

1

1

2015 ж. келісім-шартқа қол қойылған күнінен бастап - 31 желтоқсаныаралығында

2015 ж. келісім-шартқа қол қойылған күнінен бастап - 31 желтоқсаны аралығында

Түркістан қаласы

Түркістан қаласы

0

0

48 180 000,00

2 906 000,00

       Барлығы   51 086 000,00

«Түркістан  қаласы әкімдігінің жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ басшысы А.Айменов

Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша

Лот № 1

2015 жылға мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің қызметіне мемлекеттік сатып алулар қызметтеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді іске асырудың ерекше тәртібін қолданумен мемлекеттік сатып алу конкурсының техникалық ерекшелігі

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» N 754 Қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес мүгедектің жеке оңалтудың бағдарламасы негізінде көрсетеді.

1.Мүгедекпен бірге тұратын жерінен баратын пунктіне дейін және қайтарда: жұмысқа, оқу орындарына; сондай-ақ мүгедек жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, сотқа, прокуратураға, әлеуметтік сала объектілеріне, заң консультацияларына, нотариусқа, мәдени-ойын-сауық іс-шараларына, спорт ғимараттарына, сауда объектілеріне, медициналық мекемелерге, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына және оқуымен, жұмысқа орналасумен, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауымен және іске асыруымен, ақпарат алуымен, қажетті құжаттарды ресімдеуімен, бос уақытын, демалысын өткізуімен, тауарлар мен қызметтер сатып алуына байланысты мәселелерді шешуі үшін өзге де ұйымдарға барған кезде ілесіп жүру.

2. Қызмет көрсететін жабдықтаушы –үкіметтік емес ұйымдаржүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерімен қамтамасыз етуге кепілдік береді. Жеке көмекші: іс әрекетіне қабілетті болуы қажет және мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс істеген өтілі бар болғаны дұрыс.

3. Мүгедектерге жеке көмекшінің қызметі мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес медициналық көрсеткіштер негізінде көрсетіледі.

4.Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеуді қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның бір сағаттық жалақысы мөлшері есебімен, бірақ күніне 8 сағаттан асырмай, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілеріне, қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жүргізеді.

5. Уәкілетті мекеме берген тапсырыстар бойынша 386 (үш жүз отыз) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді және 2015 жылдың соңына дейін қосымша өтініш берген жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекші қызметімен жабдықтаушы мекеме қамтамасыз етеді. Уәкілетті мекеме берген тапсырыста мүгедектер бойынша мәлімет, мүгедектің жеке оңалтудың бағдарламасының (ЖОБ) мерзімі, бір күнде көрсетілген қызметтің уақыты көрсетілуі қажет.

Жеке көмекшілердің жалақы қорының көлемі келісім шартта көрсетілген қаржының 95% қамту қажет

Есептілікке талаптар

Қызметтің потенциалдық жабдықтаушысы тапсырыс берушіге ай сайын:

Жеке көмекшінің жұмыс уақытының есеп тәбелі;

Есеп беру мерзіміне орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) актісі;

Жеке көмекшінің қызметін алған мүгедектердің (дәлел беретін құжаттармен) қызмет көрсетілген сағаты және төленген еңбек ақысы туралы мәліметі бар тізімі (реестр).

          

 Уәкілетті мекеме жеке көмекшінің көрсетілген қызметтеріне және сапасына бақылаулаушы орган ретінде құқылы .

.                                                                                                   Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша

Лот № 2

2015 жылға мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі мамандарының қызметіне мемлекеттік сатып алулар қызметтеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді іске асырудың ерекше тәртібін қолданумен мемлекеттік сатып алу конкурсының

техникалық ерекшелігі

Естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі мамандарының әлеуметтік қызметтері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» №754 Қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес, мүгедектің жеке оңалтудың бағдарламасы негізінде көрсетеді.

1.Мүгедектіңконференцияларға, пікірталастарға және басқа да қоғамдық іс-шараларға қатысуы уақытында ымдау тілінен және ымдау тіліне кәсіби аударма жасау;еститін және естімейтін адамдардың арасындағы делдалдық қызметті көрсетумен байланысты жұмысты орындау; мүгедектің оқуына, жұмысқа орналасуына, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауына және іске асыруына, қажетті құжаттарды ресімдеу.

2. Қызмет көрсететін жабдықтаушы –үкіметтік емес ұйымдар естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі мамандарының әлеуметтікқызметтерімен қамтамасыз етуге кепілдік береді. Ымдау тілі маманы іс әрекетіне қабілетті болуы қажет және мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс істеген өтілі бар болғаны дұрыс.

3. Мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметі мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес медициналық көрсеткіштер негізінде көрсетіледі.

4. Ымдау тілі маманының бір сағаттық әлеуметтік қызметіне ақы төлеу тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген ең төмен айлық жалақының он бес пайызы мөлшері есебімен, бірақ бір мүгедекке жылына отыз сағаттан асырылмай жүзеге асырылады.

Ымдау тілі маманының жылына отыз сағаттан артық әлеуметтік қызметтер көрсетуіне кеткен уақытын мүгедек өз қаражаты есебінен төлейді.      

5. Уәкілетті мекеме берген тапсырыстар бойынша 66 (алпыс алты) естуі бойынша мүгедектерді және 2015 жылдың соңына дейін қосымша өтініш берген естуі бойынша мүгедектерді ымдау тілі маманы қызметімен жабдықтаушы мекеме қамтамасыз етеді. Уәкілетті мекеме берген тапсырыста мүгедектер бойынша мәлімет, мүгедектің жеке оңалтудың бағдарламасының (ИПР) мерзімі, бір күнде көрсетілген қызметтің уақыты көрсетілуі қажет.

Ымдау тілі мамандарының жалақы қорының көлемі келісім шартта көрсетілген қаржының                       95% қамту қажет

Есептілікке талаптар

                 Қызметтің потенциалдық жабдықтаушысы тапсырыс берушіге ай сайын:

                 Есеп беру мерзіміне орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) актісі;

                 Ымдау тілі маманының қызметін алған мүгедектердің қызмет көрсетілген сағаты және төленген еңбек ақысы туралы мәліметі бар тізімі (реестр).

           Уәкілетті мекеме жеке көмекшінің көрсетілген қызметтеріне және сапасына бақылаулаушы орган ретінде құқылы .

Конкурстық

құжаттамаға

3-қосымша

                

Конкурсқа қатысуға өтінім

(заңды тұлғалар үшін)

      

Кімге

__________________________________________________________________

(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)

Кімнен

__________________________________________________________________

         (әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)

     1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:

Әлеуетті өнім берушінің заңды, почталық мекен-жайы және байланыс телефондары
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы
Заңды тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні

     2._________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету қажет) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажетін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.

     3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.

     Осымен әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 10-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу (тауарды (ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді – қажеттісі көрсетілсін) туралы шартты бұзуға келісімі де білдіріледі.

     4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) дұрыс емес ақпарат бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

     Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

    

     9. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.

     10. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).

     Біздің конкурстық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызына тең болуы тиіс авансқа тең мөлшерде көзделген болса, көрсетіледі).

     11. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.

_________________________________________________

______________________________/__________________/

____________________________________________________________

(Заңды тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)

     Толтырылған күні ___________________________________

     М.О.

конкурстық құжаттамаға

4-қосымша

              

Біліктілігі туралы мәліметтер

(әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)

1. Әлеуетті өнiм берушiнiң атауы _________________________________

2. Соңғы он жыл ішінде әлеуеттi өнiм берушiнің көрсеткен қызметтері конкурсында дәл осындай сатып алынатын қызметтердің (олар болған кезде) көлемі, теңгемен______________

Көрсетiлген қызметтердiң атауы Тапсырыс берушiлердiң атауы мен олардың телефондарының нөмiрлерi Қызметтер көрсетiлген орны және жылы Шарттың құны, теңге (көрсетiлмесе де болады)

3. Расталатын құжаттардың көшірмесін тіркеп, қызметтер көрсету үшiн әлеуеттi өнiм берушiде мынадай жабдықтар (тетiктер, машиналар) бiрлiгiнiң болуының елеулi мәнi бар. Әлеуеттi өнiм берушi төмендегi кестеде санамаланған барлық сұрақтарға жауап беруі тиiс:

Жабдықтардың (тетiктердiң, машиналардың) түрi Қолда бар бiрлiктердiң саны Жай-күйi (жаңа, жақсы, нашар) Жекеменшiк, жалға алынған (кiмнен), сатып алынады (кiмнен)

4. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындау үшін қажетті еңбек ресурстарының және Қазақстан Республикасының азаматтарын еңбекақы төлеу қорының болуы 

Р/с

Қызметкерлердiң Т.А.Ә. (жеке куәлiк № және берiлген күнiн көрсету) Лауазымы Азаматтығы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезіндегі жалақысы
1
2
3
Барлығы ҚР азаматтарының еңбекақысы

5. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: өзiндiк, кредиттiк және т.б.) қол жеткізу туралы. Төменде санамалау.

_______________________________________________________________

6. Ұсынымдар туралы мәлімет, олар болған кезде Ұсыным хаттарды, заңды және/немесе жеке тұлғалардың басқа да пікірлері санамаланған және қоса берілген_______________________________________________________.

     Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.

                                                    

Конкурстық

құжаттамаға

5-қосымша

______________________әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi

(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы)

(лоттың нөмірі көрсете отырып, әрбір лотқа жеке толтырылады)

      

Р/с№ Мазмұны Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы
1 Қысқаша сипаты
2 Шығарылған елi (жұмыстарды сатып алу кезiнде алынып тасталады)
3 Дайындаушы зауыт (жұмыстар мен қызметтердi сатып алу кезiнде алынып тасталады)
4 Өлшем бiрлiгi
5

_______бiрлiктің бағасы ___________

ИНКОТЕРМС 2000 шарттары

бойынша _________

(межелі орны)

6 Саны (көлемi)
7

Барлық бағасы =__________

5-бет х 6-бет,

8

Жалпы бағасы,_________ИНКОТЕРМС

2000 шарттары бойынша __________

межелі орны, әлеуеттi

өнiм берушiнiң тасымалдауға

арналған, кеден бажын, ҚҚС және

басқа төлемдер мен алымдарды,

жинақтаушы бөлшектер мен

мiндеттi қосалқы бөлшектер

бағасын, бiр өлшем бiрлiгiне

пайдаланудың бастапқы мерзiмi

iшiнде қызмет көрсетуге арналған

барлық шығыстарды қоса алғанда,

басқа да шығыстар

     Бiз Сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келiсемiз

     ________________ _______________________

           (Қолы)       (лауазымы, Т.А.Ә.

     М.О.

     Ескертпе: әлеуеттi өнiм берушi жалпы бағаның құрауыш бөлiктерiн көрсетпеуi де мүмкiн, бұл ретте осы жолда көрсетiлген бағаны әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын, болған кезде жеңілдіктерді ескере отырып конкурстық комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.

6-қосымша

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы

үлгілік шарт

    

     _____________ (орналасқан жері) көрсетілетін қызметтерді

мемлекеттік сатып алу туралы _____ жылғы «__» _________ үлгілік шарт

     Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ______________________

                                   (Тапсырыс берушінің толық атауы)

атынан ___________________________________________________________,

      (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын,

________________________________________________________ атынан

   (өнім беруші конкурс жеңімпазының толық атауы)

__________________________________________ негізінде әрекет ететін

           (Жарғы, Ереже және т.с.с.)

__________________________________________________________________

     (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі –

Заң) және ___ жылғы «__» _______ өткен _____________ мемлекеттік

сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен)

қорытындыларының негізінде осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты

(бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:

     1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге мөлшері (соманы цифрмен және

жазбаша көрсету) сомаға (бұдан әрі – Шарттың бағасы) қызметтерді

көрсетуге міндеттенеді.

     Бұл ретте, ҚҚС сомасы (соманы цифрмен және жазбаша көрсету),

акциз сомасы (соманы цифрмен және жазбаша көрсету) құрайды.

     2. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдардың мынадай мағынасы

болады:

     1) Шарт – Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің арасында жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, оған қоса берілетін барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта оған сілтеме берілген бүкіл құжаттамамен бірге тараптар қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

     2) Шарттың бағасы – Өнім берушіге Шарт шеңберінде өзінің

шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін Тапсырыс беруші төлеуі

тиіс сома;

     3) Көрсетілетін қызметтер – Тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет;

     4) Тапсырыс беруші – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

     5) Өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше белгіленсе, мемлекеттік мекемелер),Тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).

     2. Төменде тізбеленген құжаттар мен онда айтылған талаптар осы

Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап

айтқанда:

     1) осы Шарт;

     2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі;

     3) техникалық ерекшелік;

     4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.

     4. Өнім беруші Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Ереженің 158-тармағында көрсетілген жағдайларда және мөлшерде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.

     Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:

     1) Тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;

     2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.

     5. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші бір тұлғалардың енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға толығымен не бір бөлігінде талап ету құқықтарының туындауына әкеп соқтыратын іс-қимылдар жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген кепілді ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берілмейді.

     6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт мынадай:

     1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамының тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді. Мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауы тиіс;

     2) көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда бір қаржы жылынан асатын мерзімге сатып алған жағдайда жасалады.

     Бұл ретте, қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттарды жоғарыда көзделген жағдайларда, бәсекелестік негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілермен жасасуға ғана рұқсат етіледі.

     7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар көрсетілген тұлғалардың басқару органы немесе жоғарғы органы бекіткен даму жоспарында (бизнес-жоспарда) оларды аяқтау

мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылына (жылдарына) белгіленген іс-шараларды орындау үшін қажетті тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.

     8. Жылдық қаржылық есептілік аудиті бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.

     9. Өнім беруші қызметті көрсетуге, Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтердің саны мен сапасын Өнім берушінің конкурстық өтінімі мен Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына сәйкес қабылдап алуға және ақысын төлеуге міндеттенеді.

     Ақы төлеу нысаны

     ____________________________________________________________

             (аудару, қолма-қол есеп айырысу және т.б.):

     10. Төлемдердің мерзімі_____________________________________

     (мысалы: межеленген пункттегі қызметтерді көрсеткеннен кейін %

немесе алдын ала төлем және т.б.).

     11. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:____________________

       (шот-фактура немесе қабылдап алу-беру актісі немесе т.с.с.).

     Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу шартын көздеуi тиiс.

     Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өткізілген мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертуі мүмкін өзгерістер және (немесе) Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негiздер бойынша өнiм берушi таңдау үшiн негiз болған ұсыныстарды енгiзуге жол берiлмейдi.

     12. Осы Шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.

     13. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың немесе оның қандай да бар ережелерінің, сондай-ақ техникалық құжаттаманың, жоспарлардың, сызбалардың, моделдердің, үлгілердің мазмұнын немесе осы Шартты орындау үшін Өнім

беруші тартқан персоналды қоспағанда, Тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа тұлғалар ұсынған ақпаратты ешкімге жария етпеуі тиіс.

     Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;

     14. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттардың немесе ақпараттың қандай да біреуін Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауы тиіс.

     15. Жоғарыда көрсетілгеннің бір де бір тармағы Өнім берушіні осы Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.

     16. Осы Шарт шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген қызметтерді көрсетуі тиіс.

     17. Тапсырыс берушінің Шартта көрсеткен бағалары Өнім беруші өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен бағаларға сәйкес келуі тиіс.

     18. Екі тарап та қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, түсіру, орау әдісі, жеткізу орны немесе өнім беруші ұсынатын қызметтер және т.б.) ешқандай ауытқуларға немесе оларды

өзгертуге жол берілмейді.

     19. Егер кез келген өзгеріс Шарт бойынша Өнім берушінің қызмет көрсетуі үшін қажетті құнын немесе мерзімін азайтуға әкеп соқтыратын болса, онда Шарттың бағасы тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі.

     Осы баптың шеңберінде түзету жүргізуге Өнім берушінің барлық сұрау салулары Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді Өнім беруші алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде берілуі тиіс.

     20. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін не толығымен, не ішінара ешкімге бермеуі тиіс.

     21. Егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылған болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін беруі тиіс.

     Қосалқы мердігерлердің болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа да жауапкершіліктен босатпайды.

     22. Қызметтерді көрсетуді Өнім беруші кестеге сәйкес жүзеге асыруы тиіс.

     Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қызмет көрсетудің ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болмауы тиіс.

     23. Өнім беруші тарапынан қызмет көрсетуді орындаудың кешіктірілуі оған жүктелетін мынадай санкцияларға:

     Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қала отырып, Тапсырыс берушінің Шартты бұзуына не уақтылы жеткізілмегені үшін тұрақсыздық

айыбын төлеуге әкеп соқтыруы мүмкін.

     24. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, Өнім берушінің тарапынан Шарт бойынша қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына залал келтірмей Шарттың шеңберінде мерзімі кешіктірілген әр күн үшін өнім беруші міндеттемені орындамаған жағдайда шарттың сомасынан 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіреді немесе мерзімі кешіктірілген әр күн үшін тиісінше орындалмаған міндеттеменің сомасына 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіріп алады.

     25. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:

     а) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметтерді Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші берген Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде көрсете алмаса;

     б) егер Өнім беруші Шарт бойынша өзінің қандай да бір басқа міндеттемелерін орындай алмаса осы Шартты бұза алады.

     26. Егер Шартты орындау бойынша кідіріс форс-мажорлық мән-жайлардың салдары болса, Өнім беруші Шарттың орындалуын өз қамтамасыз етуінен айырылмайды және тұрақсыздық айыбын төлеу үшін немесе Шарттың талаптарын орындамау себебінен оны бұзу үшін жауапты болмайды.

     27. Осы Шарттың мақсаттары үшін «форс-мажор» Өнім берушінің тарапынан бақылауға бағынбайтын, Өнім берушінің қателігіне немесе ұқыпсыздығына байланысты емес және тосын сипатқа ие оқиғаны білдіреді.

     Мұндай оқиғалар мыналарды қамтуы мүмкін, бірақ соғыс іс-қимылдары, табиғи немесе дүлей апат, індет, тауарларды жеткізуге қойылатын карантин мен эмбарго сияқты іс-қимылдармен шектелмейді.

     28. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде кезінде Өнімберуші мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы Тапсырысберушіге дереу жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.

     Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар келіптүспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін қаншалықтыорынды болса мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және Шарттыорындаудың форс-мажорлық мән-жайларға байланысты емес, баламалыәдістерін іздейді.

     29. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болғанжағдайда, Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушіге тиістіжазбаша хабарлама жібере отырып, біржақты тәртіппен Шартты бұзаалады. Бұл жағдайда бұзу дереу жүзеге асырылады және Шарттың бұзылуызалал келтірмесе немесе іс-қимылдары жасауға немесе Тапсырыс берушігеқойылған немесе кейіннен қойылатын санкцияларды қолдануға қандай да

бір құқықтарды қозғамаса, Тапсырыс берушінің Өнім берушіге қатыстыешқандай қаржылық жауапкершілігі болмайды.     30. Тапсырыс берушi Өнім берушіге тиiстi жазбаша хабарлама

жiбере отырып, Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес Шартты одан әрiорындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұзаалады.     Хабарламада Шартты бұзудың себебi көрсетiлуі, жойылған шарттықміндеттемелердің көлемi, сондай-ақ Шартты бұзудың күшiне енетiн күнi

жазылуы тиіс.

     31. Шарт жоғарыда көрсетілген мән-жайлар негiзiнде жойылғанкезде, Өнім беруші Шарттың бұзылуына байланысты, бұзылған күндегі iсжүзiндегi шығындары үшiн ғана төлемақыны талап етуге құқылы.

     32. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы, сондай-ақмемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмегенжәрдемді көрсеткені анықталған жағдайда, Мемлекеттік сатып алу туралышарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.

     Өнім берушінің осы негіздер бойынша Шарттың бұзылуынабайланысты шығындары үшiн ғана төлемақы талап етуге құқығы жоқ.

     33. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оғанбайланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді тікелей келіссөздержүргізу барысында шешу үшін барлық күштерін салуға тиіс.

     34. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір)күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шешеалмаса, тараптардың кез келгені осы мәселенің ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сәйкес шешілуін талап ете алады.

     35. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта Қазақстан Республикасысалық заңнамасының, Кеден одағының кедендік заңнамасының және(немесе) Қазақстан Республикасы кедендік заңнамасының талаптарынасәйкес қосылған құнға салынатын салықтар мен акциздердің төленуітуралы талаптар қамтылуы тиіс.

     36. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты ҚазақстанРеспубликасының резидентi емеспен жасасқан жағдайда, мемлекеттiксатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасыныңталаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресiмдеуге жол берiледi.

     37. Шарт қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Шарттытөрелiкте қарау қажет болған жағдайда, Шарттың қазақ және/немесе орыстiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесетараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес болуы тиiс.

     38. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуытиiс.

     39. Шартқа сәйкес тараптардың бiрi екiншi тарапқа жiберетiн кезкелген хабарлама кейiннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат,телекс немесе факс түрiнде жiберiледi.

     40. Хабарлама жеткiзiлгеннен кейiн немесе күшiне енукөрсетiлген күнi (егер хабарламада көрсетiлсе) күшiне енедi, ол бұлкүндердiң қайсысы кеш болатынына байланысты болады.

     41. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерҚазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиiс.

     42. Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгiзуге мiндеттi.

     43. Осы Шартта Тапсырыс берушi мен Өнiм берушi белгiленген тәртiппен келiсiлген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де талаптар көзделуi мүмкiн.

     44. Осы Шарт Тапсырыс берушi оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде (мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер үшiн) тiркеуден өткiзгеннен кейiн және Өнiм берушi осы Ереженiң 156-тармағында көрсетiлген жағдайларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзгеннен кейiн күшiне енедi.

     45. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелерi:

Тараптардың деректемелері

             Тапсырыс беруші:                                                               Өнім беруші:

<Тапсырыс берушінің толық атауы>                     <Өнім берушінің толық атауы>

<Тапсырыс берушінің толық заңды                        <Өнім берушінің толық заңды

мекенжайы>                                                             мекенжайы>

Тапсырыс берушінің БСН <БСН>                         Өнім берушінің «БСН/ЖСН/ТЕН»

Тапсырыс берушінің БСН <БСН>                            Өнім берушінің БСН>БСН

Тапсырыс берушінің ЖСК <ЖСК>                    Өнім берушінің ЖСК> ЖСК

<Банктің атауы>                                                        <Банктің атауы>

Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны>                  Тел.: <Өнім берушінің телефоны>

<Тапсырыс берушінің лауазымы>                         <Өнім берушінің лауазымы>

<Тапсырыс берушінің Т.А.Ә.>                                  <Өнім берушінің Т.А.Ә.>

     Аумақтық қазынашылық органында тіркелген күні (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін):_____________________      Осы Мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Тапсырыс берушінің тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.

     Осы Шартты пайдалана отырып, Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың түпкілікті жобасын әзірлеуі тиіс.

     Бұл ретте, осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына, соның ішінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына, тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс.Осы Шартта

курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс беруші толтыруы тиіс.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…