ЖЕКЕ ЖӘНЕ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС СЕКТОР МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІ АШЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТЕ КӨРГІСІ КЕЛЕДІ

Медицина саласындағы жеке және үкіметтік емес сектор өкілдері барлық ауруханалар, емханалар, травмотология пунктері тізімін және олардың мекенжай деректері мен біліктілігі көрсетілген дәрігерлер базасын ашық түрде қолжетімді етуге ұсыныс берді. Бұл туралы және ашық деректердің басқа да мәселелері «Денсаулық сақтау үшін ашық деректер» дөңгелек үстелінде айтылды.
Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сарапшылары, Жеке медицина құрылымдарының ассоциациясы, ҰКП Фармацевтика, медицина өнеркәсібі мен медициналық қызметтер хатшылығы, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Республикалық диагностика орталығы, «Астана» медицина университеті өкілдері, сондай-ақ медицина саласындағы жеке сектор өкілдері қатысты.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ дамыту жөніндегі директоры Игорь Пак өзінің алғы сөзінде атап өткендей, дөңгелек үстел өткізудің мақсаты ашық түрде қолжетімді болатын мемлекеттік органдардың мәліметтер тізімін кеңейту бойынша ұсыныстарды жинау болып табылады. «Қазақстанда Ашық деректерді дамыту өңірлердегі эпидемиологиялық аурулар бойынша статистикалық мәліметтерді ашуға, аурулардың тараған жерлерін оқшаулау туралы, Қазақстан аумағына кіргізілген препараттар көлемі туралы ақпаратты ашуға мүмкіндік береді» - деп атап өтті ол.
Іс-шара барысында өңірлер бойынша туу мен өлім туралы деректерді; аналардың өлімі, балалардың өлімі және жалпы аурулардың статистикасы бойынша деректерді; мүгедектер туралы деректерді; медицина мекемелерінің жабдықталуы; тегін емдік дәрі-дәрмек туралы ақпаратты ашық қолжетімділікте жариялау туралы ұсыныс айтылды. Одан басқа, көпшілікке мемлекеттің денсаулық сақтау саласына шығындарын және емделушінің қанағаттанушылығы негізінде денсаулық сақтау ұйымдарының рейтингісін қолжетімді ету ұсынылды.
Естеріңізе салсақ, Мемлекет басшысы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жоспарының 94-тармағында «Ашық үкіметті» құруға, сондай-ақ ақпаратты иеленушілердің, атап айтқанда мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын және айқындылығын қамтамасыз ететін ақпаратқа қолжетімділік туралы заңды әзірлеуге ерекше көңіл аударды. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар халық үшін маңызы бар деректердің үлкен ақпараттық ауқымын жасайды және сақтайды, алайда олар азаматтар үшін қолжетімсіз болып отыр.

«ХҚКО» РМК –нің ОҚО бойынша
филиалының №1 Түркістан
қалалық бөлімінің инспекторы
Т.Сагинбаев

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…