«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында гранттар ұсыну

Қандай құжаттар қажет:

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер шағын кәсіпкерлер субъектілері Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік грант беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім, ол Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталына орналастырылады (turkistan.gov.kz → Билік → Облыстық басқармалар → «Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы» бөлімі → Құжаттама);

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі/ жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

3) өтініш берілген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;

4) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама;

5) бизнес-жоба;

6) Бағдарламаның және (немесе) "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;

7) кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

8) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығы бар сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған).

 

Кімге беріледі:

         Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 315 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз негізде беріледі.

         Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға мемлекеттік гранттар салалық шектеусіз беріледі.

 

Міндетті шарттар:

Бағдарлама және/немесе "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде оқыту құрауыштары сертификаттарының болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

Мемлекеттік гранттар беру,жоғарыда көрсетілген тізімге сәйкес, конкурстық іріктеуге толық көлемде құжаттарын ұсынған кәсіпкерлер гранттар беруге конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

Бір бизнес-жоба бойынша грант беру мақсатында әрбір Кәсіпкер конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

Бизнес-жобаны іске асыруға жұмсалатын шығыстарды ұсынылатын грант көлемінің 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен Кәсіпкердің бірлесіп қаржыландыруы бизнес-жобаның міндетті шарты болып табылады.

Міндетті түрде жаңа жұмыс орындарынын ашылуы.

 

Не үшін беріледі:

Кәсіпкерлер жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:

1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;

2) материалдық емес активтерді сатып алу;

3) технологияларды сатып алу;

4) франшизаға құқықтарды сатып алу;

5) зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

Жаңа бизнес-идеяларды іске үшін мемлекеттік грант қаражатын жылжымайтын мүлікті сатып алуға, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысы ретінде пайдалануға болмайды.

 

Кімге берілмейді:

1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатып қойылған;

2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын Кәсіпкерлерге;

4) орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне Гранттар берілмейді.

 

Іріктеу қалай жүргізіледі:

1)      бизнес идеялардың жаңашылдығы (мүгедектер үшін қолданылмайды);

2)      бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

3)      бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру, өткізу нарығы үшін үй-жайдың болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі);

4)      бизнес-жобаның міндетті шарттары шағын кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің, сондай-ақ әйелдің, мүгедектің және 50 жастан асқан тұлғаның оны іске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен бірлесіп қаржыландыруы болып табылады.

 

Бизнес-идеялардың жаңашылдығы дегеніміз не:

Жобаларды іске асыру кезінде бұрын қолданылмаған материалдарды, технологиялар мен әдістерді қолдану арқылы тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама. Нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте бұрын іске асырылмаған тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар да жаңа бизнес-идеяларға жатады;

 

Бизнес жобаға қойылатын талаптар:

Бизнес-жоба – кәсіпкердің өз бизнесін құру (тауарлар шығару, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын, сипаттау, есептеу, болжау нысанында орындалған, сондай-ақ ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10 %-ы деңгейінде кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қоса қаржыландыруының және жаңа жұмыс орындарын құруының мерзімдерінқамтитын жоспары;

 

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына

1-қосымша

 

Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар үшін

экономиканың басым секторларының тізбесі

 

ЭҚЖЖ коды

Атауы

Аграроөнеркәсіп кешені

01

Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтер, 01.11 Дәндідақылдар (күрішті қоспағанда) бұршақ дақылдар және май тұқымдарын өсіру

03

Балық шаруашылығы және аквадақылдары

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Ашытқы өндіру

11.07

Минералды су және басқа да алкогольсіз сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршықтас және құм карьерлеріни қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндіру

13

Тоқыма өнімдерін өндіру

14

Киім өндіру

15

Теріден тігілген және оған сәйкес өнімдер өндір

16

Жиһаздан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдар өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Баспа және жазылған материалдарды қалпына келтіру

20

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтік өнімдер мен препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдарын және өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру

23

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машинажасау өнеркәсібі

24

Металлургия өнеркәсібі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдарын өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа санаттарға қамтылмаған машиналар мен жабдықтар, өндіру

29

Автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа да көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Басқа электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Гидроэлектр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қалдықтарды кәдеге жарату

39

Рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер

Көлік және жинақтау

45.2

Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықта жүретін басқа да жолаушылар көлігі

49.41

Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау

50

Су көлігі

52

Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьер қызметі

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндеріне және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Туристік лагерьлер, демалыс және ойын-сауық саябақтары

Ақпарат және байланыс

59.14

Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет

61         

Байланыс

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар беру және басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу жөніндегі консультациялар

71

Сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

81

Ғимараттар мен аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұрғын орынмен қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызмет ұсыну

88

Тұратын жермен қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың және басқа да мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі

93

Спорт, ұйымдастыру және ойын-сауық (дискотекаларды қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдалану заттарын және тұрмыстық бұйымдарды жөндеу

96.01

Тоқыма бұйымдары мен үлбір бұйымдарын жуу және тазалау (химиялық)