«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуғаосы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуғаосы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-2 санаты үшін:   жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Е-3санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары


Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-2

134851

182456

Е-3

112712

152035


І. «Түркістан  қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №3, анықтама үшін телефон: 8 (725-33) 4-27-66, анықтама үшін телефон/факс: 8 (725-33) 4-27-66, электрондық пошта: personal_turkestan@ontustik.gov.kzмемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы, Е-2 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері:Бекітілген регламентке және ережелерге сәйкес қала әкімі аппараты бөлімдер мен қызметтерінің жұмысын және әрекет етуін үйлестіруді қамтамасыз етеді; қала әкімі аппаратының ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады; құжаттармен қамтамасыз етудің орындалуын қадағалау және талдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, әкімдіктің және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың мәжілістерін дайындауға, облыс және қала әкімінің хаттамалық шешімдері мен тапсырмаларының уақытылы орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады; стратегиялық және операциялық жоспарларды жүзеге асыру және әкімдіктің ресми веб-сайтының жұмыс істеуін, қадағалау, талдау және бағалайды;ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің, персоналды басқару бөлімінің, құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің, заң бөлімінің, цифрландыру бөлімінің, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің  жұмыстарына тікелей басшылық етеді; облыс және қала әкімінің тапсырмаларының орындалуы жөнінде жұмыстарды жүзеге асырады;қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округ әкімі аппараттарындағы кадрлық саясаттың заң талаптарына сай жүргізілуін қамтамасыз етеді; қала әкімінің жеке қабылдауын ұйымдастырады; қала әкімінің аппаратында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің еңбек қатынастарын реттейді;іс жүргізуді ұйымдастырады және құпия құжаттармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді, жергілікті басқару мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік кесімдерді іске асыру жөнінде атқарушы органдар жүйесіндегі өзара іс-қимыл тәжірибесін жақсарту туралы ұсыныстар енгізеді; азаматтардың хаттары мен өзге де өтініштерін, жоғары тұрған атқарушы органдардың тапсырмаларын қарауды қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде қала әкімі аппаратының өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, қалалық мәслихатпен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; стратегиялық және операциялық жоспарларды жүзеге асыру және әкімдіктің ресми веб-сайтының жұмыс істеуін, қадағалау, талдау және бағалауды жүзеге асырады; тәртіптік комиссия, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациялау комиссиясы, мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бос орындарына конкурс өткізу жөніндегі комиссия, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметі тиімділігін бағалау комиссиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің еңбек өтілдерін белгілеу комиссиясының жұмыстарын үйлестіреді; өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша дербес атқару органдарының жұмыстарын үйлестіреді; нормативті құқықтық актілерді қабылдауды, оны әділет органдарына тіркеуді, ресми жариялануын бақылауды және тіркелген актілерге мониторинг жүргізуді ұйымдастырады; «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне мәліметтердің уақытылы түсуін қадағалайды; аппарат басшысының міндеттеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функциялары кіреді.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар, білім, техникалық ғылымдар жəне технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, қызмет көрсету, ветеринария, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), ауылшаруашылық ғылымдары, өнер.

"Назарбаев Университеті"," Назарбаев Зияткерлік мектептері "және" Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

2. Түркістан қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас инспекторы, Е-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері:Қала әкімдігі тарапынан талапкер және жауапкер болып табылып сот процестеріне қатысып,  қала әкімдігінің мүддесін қорғайды және маңызды істер бойынша талдау жасап отырады; қалалық прокуратураның ұсыныстарын, наразылықтарын қарап, жауап береді және  олар бойынша талдау жүргізеді;құқықтық оқу жұмыстарын үйлестіреді;азаматтардан, заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарды қарап, жауап береді;қолданыстағы заңнамалардың сақталуын бақылайды; дербес бөлімдерінің заң саласындағы қызметін үйлестіреді; облыс әкімдігінен келіп түскен тапсырмаларды өз мерзімінде орындайды;қала әкімдігіне қарасты мекемелердің қабылданған актілерінде заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, оларды түзету мақсатында тиісті шаралар қабылдайды;сала бойынша атқарылған жұмыстарға тоқсан сайын талдау жасап, бөлім  басшысына ұсынады; әкім аппаратының, қала әкімдігіне қарасты мекемелердің жауапты қызметкерлеріне заңды тұлғаларды құру, тарату тағы да басқа  құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріп отырады;қала әкімі аппаратының келісім шарттарының заңдылығын тексереді;қала әкімдігіне қарасты мекемелердің, әкім аппаратының жауапты қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, олардың қабылдайтын актілерінің заңға сәйкес қабылдануына көмектеседі;қала әкімдігінің жер мәселесіне қатысты қаулыларының заңдылығын тексереді;әкім аппаратының, қала әкімдігіне қарасты мекемелердің жауапты қызметкерлерімен медиацияны дамыту бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастырады және кәсіби емес медиаторларды тіркеуді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (юриспруденция, халықаралық құқық, кеден ісі, құқық қорғау қызметі).

"Назарбаев Университеті"," Назарбаев Зияткерлік мектептері "және" Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)      "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

       2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

            Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ Заңда және "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шықпаса, ішкі конкурстың қорытындылары бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға құқылы.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (3 жұмыскүні), олішкі конкурс өткізутуралыхабарландырусоңғыжарияланғаннанкейінкелесіжұмыскүніненбастапесептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, ол кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының   2017  жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  сайты: www.qyzmet.gov.kz

Түркістан қаласы әкімі аппаратының сайты: www.turakimat.gov.kz


"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы


 

 

Нысан

__________________________

__________________________

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені______________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

 _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсынақатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

      

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ________                                      ____________________________________

       (қолы)                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      "___"_______________ 20 __ ж.