«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Е-R-2 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;

3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Е-R-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

E-R-4  санаты үшін:   жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-R-2

127418

177393

      E-R-3

106289

142886

ER-4

95246

128834

 

І. «Түркістан  қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ә.Темір №28, анықтама үшін телефон: 8 (725-33) 4-27-66, анықтама үшін телефон/факс:8(725-33)4-27-66, электрондық пошта: personal_turkestan@ontustik.gov.kz мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Түркістан қаласы әкімдігінің  жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары, Е-R-2 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Қала аумағында жерге орналастыру жұмыстарын қадағалау және үйлестіру; бөлімге азаматтардан келіп түскен өтініштерге мерзімінде жауап берілуін қамтамасыз ету; қала аумағында жерге орналастыру жұмыстарын бақылау; жоғары тұрған мекемелердің шешімдері мен бұйрықтарын қолдап, орындалуын  қамтамасыз ету; мемлекеттік жеке меншікке сататын және уақытша пайдалануға беретін  нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту; жерге орналастыруды жүргізу, ұйымдастыру және жер учаскелерін  қалыпта стыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын қадағалау; қаланың жер балансын жасау; жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау; жерді аймақтарға бөлу жобаларын және қаланың ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу; барлық жер мәселелеріне қатысты жұмыстарды, жер қатынастарындағы қолданыстағы заң нормаларының сақталуын бақылау; бөлім басшысының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындалуын қадағалау; қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мен қаладағы мекемелермен бірлесіп  жұмыс жасау; жер кадастрлық іс-құжаттардың заңдылығын қадағалау; Қазақстан Республика Заңдары мен үкіметтің нормативтері мен өзгерістерімен танысып қолданып отыру; мемлекеттің мұқтажы үшін жер учаскелерін қайтару жөнінде ұсыныстар  дайындау; ұйымдастыру және бақылау жұмыстарын жүргізу;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қызметтер (жерге орналастыру, кадастар бағалау), техникалық ғылымдар мен технологиялар (геодезия және картография, геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, тау-кен ісі, маркшейдрлік іс, кұрылыс), ауыл шаруашылығы ғылымдары (агрономия, агроэкология, мелиорация, рекультивация және жерді қорғау, агрохимия, агрономия, топырақтану, аграрлық техника және технология) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (құқықтану).

"Назарбаев Университеті"," Назарбаев Зияткерлік мектептері "және" Назарбаев Қоры "мәртебесі туралы" Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

2. Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары, Е-R-2 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: қаладағы көп қабатты тұрғын үйлер және автономды жылу жүйелерінің жұмысын жүйелендіру, бюджеттік мекемелерді жылу маусымына дайындау жұмыстарын қадағалайды; бюджеттік мекемелерді жылу маусымына дайындау жұмыстарын жүргізеді; электр энергиясын, канализация, газ, сумен жабдықтау жұмыстарын және тағы басқа құрылысқа қажетті жобалау сметалық құжаттамаларын дайындауды қадағалау мен заңдастыру жұмыстарын жүргізеді; бекітілген қала инфрақұрылымының құрылысы құжаттарына сәйкес құрылыс жобаларының жүзеге асырылуына жұмыс жасайды; мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді; қала инфрақұрылымының құрылыс құжаттамасы мен құрылыс жобалау құжаттарын дайындау және заңнамаларға сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді; қаладағы электр қуатын және қала аумағында газбен қамтамасыз ету бойынша   жұмыстар жасайды; қаладағы ауыз су құбырлары, ұңғылар, канализация және өзге де  нысандарының құрылыс жұмыстарын жүргізуді және мәліметтердің жүргізуін қамтамасыз етеді; ауыз су, кәріз жүйелерінің құрылысын жүргізеді; газ жүйелері құрылысының жүргізілуіне міндетті; электр, жылу жүйелері құрылысының  жүргізілуіне  міндетті; коммуналдық шаруашылық объектілерінің құрылысын жүргізуге мінедетті; газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарады; электр энергиясымен қамтамасыз етуге жұмыстар жүргізеді; ауыз сумен қамтамасыз етуін қадағалайды; қала көшелерінің, саябақтарының, алаңдарының санитарлық тазалығын қамтамасыз етуді ұйымдастырады; ретсіз сауда орындарын ретке келтіру бойынша жұмыс жүргізеді; көріктендіру мен көгалдандыру мәселелер туралы мәліметтерді игеру жұмыстарын жүргізеді; санитарлық нормалар бұзылу фактілері бойынша тиісті мекемелерді хабардар етеді; көгалдандыру жұмыстарын жүргізу нормалар бұзылу фактілері бойынша тиісті мекемелерді хабардар етуді қадағалайды; тиісті аумақта ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарын жүргізеді; төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жүргізеді; «Жасыл аймақ» бағдарламасының орындалу бойынша жұмыстар жүргізеді; қаланы көріктендіру, абаттандыру жұмыстары бойынша жұмыстар жүргізеді; қала көшелерінің түнгі уақыттарда жарықтандыру бойынша аралап қадағалайды; қаладағы мөлтек аудандар бойынша санитарлық жұмыстар бойынша жұмыстар атқарады;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: технологиялар, құрылыс (құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, маркшейдерлік іс, геодезия және картография, технологиялық машиналар мен жабдықтар), өнер (сәулет, мүсін, кескіндеме, дизайн, графика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), қызметтер (жерге орналастыру, кадастр, бағалау), құқық (құқықтану), мамандықтар, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін.

"Назарбаев Университеті"," Назарбаев Зияткерлік мектептері "және" Назарбаев Қоры "мәртебесі туралы" Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

3. Түркістан қаласы әкімдігінің бизнесті қолдау және туризм бөлімінің сектор меңгерушісі, Е-R-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: қала аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіру; туризмді дамыту жоспарын әзірлейді және қалалық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды енгізу; туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасау және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді жергілікті органға табыс ету; туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде туристік қызмет субъектілеріне әдістемелік және консультативтік көмек көрсету; жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітуге қатысу;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық (құқықтану мамандығы), экономика және бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, қаржы, есеп және аудит, статистика мамандықтары), қызмет көрсету (туризм, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету мамандықтары), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтары);

"Назарбаев Университеті"," Назарбаев Зияткерлік мектептері "және" Назарбаев Қоры "мәртебесі туралы" Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

4. Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі, Е-R-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің стратегиялық және жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді; қаладағы бюджет арқылы жүргізілген құрылыс нысандарының атқарылған жұмыс көлемі туралы  №3 үлгісін қабылдайды, мемлекеттік қабылдау актілерін және техникалық түгендеу құжаттарының жұмысын  ұйымдастырып, бақылайды;  тұрғын үй бағдарламасын іске асыруын қамтамасыз етеді;  тұрғын үй құрылыс нысандарының инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылымымен қамтамасыз етуін қадағалайды; құрылыс кешендерін дамыту жөніндегі бағдарламаларды енгізуге және оны  әзірлеуге мәлімет жинастырады; жаңа құрылыстарды көріктендіру, көгалдандыру, нығайту бағытында  ұйымдастыру  жұмыстарын жүргізеді; құрылыс жүргізіп жатқан мердігерлерге өзіне жүктелген міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін шара көру, сотқа құжаттарды жинақтауын, дайындауын тиісті жұмыс жүргізеді; бекітілген өндіріс кестесінен және алдын-ала төлем кестесінің нақты орындалуын қамтамасыз ету; құрылысы аяқталған нысандарды салалық бөлімдерге пайдалануға тапсыруын  қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар мен технологиялар (көлік құрылысы, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, маркшейдерлік іс,геодезия және картография, технологиялық машиналар мен жабдықтар), өнер (сәулет, мүсін, кескіндеме, дизайн, графика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару),қызметтер (жерге орналастыру, кадастр, бағалау).

"Назарбаев Университеті"," Назарбаев Зияткерлік мектептері "және" Назарбаев Қоры "мәртебесі туралы" Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

 

5. Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Е-R-4 санаты,        1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген  діни ұйымдармен, діни қоғамдық бірлестіктермен, діни конфессиялармен бірлескен жұмыстар жүргізеді; бөлімнің қарауына жататын мәселелері бойынша өзінің саласына сәйкес қала әкімдігі қаулыларының және қала әкімі шешімдерінің жобаларын дайындайды,  орындалуын жүзеге асырады; қаладағы діни жағдайға зерттеу және талдау жүргізеді; қоғамдық саяси сала және ішкі саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республика заңнамасын, діни тұрақтылықты және экстремизмнің алдын алуды насихаттау мен түсіндіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді, жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіреді; бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өз саласы бойынша қалалық деңгейде ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асырады; жастардың діни сауаттылық денгейін көтеру мақсатында жоғары, орта арнаулы оқу орындарымен және қоғамдық жастар ұйымдарымен, олардың мүшелерімен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасайды; қала әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесінің жұмысын үйлестіреді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізеді; Қазақстан Республикасының заңнамасымен және нормативтік актілерімен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қоғаммен байланыс, журналистика, саясаттану, әлеуметтану, психология, аймақтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), білім, гуманитарлық ғылымдар (мәдениеттану, шығыстану, теология, тарих, дінтану, исламтану, филология, шетел филологиясы, философия), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), құқық.

"Назарбаев Университеті"," Назарбаев Зияткерлік мектептері "және" Назарбаев Қоры "мәртебесі туралы" Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)      "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

       2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

            Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

 «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ Заңда және "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шықпаса, ішкі конкурстың қорытындылары бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға құқылы.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, ол кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының   2017  жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  сайты: www.qyzmet.gov.kz

Түркістан қаласы әкімі аппаратының сайты: www.turakimat.gov.kz

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

 

 

Нысан

__________________________

__________________________

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені______________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

 _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсынақатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

      

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ________                                      ____________________________________

       (қолы)                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      "___"_______________ 20 _