«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуғаосы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-3санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары


Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-3

112712

152035


І. «Түркістан  қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №3, анықтама үшін телефон: 8 (725-33) 4-27-66, анықтама үшін телефон/факс: 8 (725-33) 4-27-66, электрондық пошта: personal_turkestan@ontustik.gov.kzмемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Түркістан қаласы әкімі аппаратыныңмемлекеттік қызмет көрсету мониторингі  бөлімінің бас инспекторы, Е-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері:Өз қызметін тоқсанға, жылға  арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады, аталған жоспарларды аппарат басшысымен келісілгеннен кейін бекітеді, Тоқсандық жоспарды және жоспардың орындалуы бойынша тоқсан сайын, бөлім басшысына, аппарат басшысына ақпарат жолдайды; мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жұмыстарын жүргізеді; қала әкімі, қала әкімінің орынбасары және қала әкімі аппаратының басшысы тарапынан берілген, қала әкіміне келіп түскен арыз-шағым, өтініштердің қаралуын ұйымдастырып, арыз және өтініш иесіне заңда көрсетілген мерзімде жауап берілуін қамтамасыз етіп, оның қорытындысы бойынша тиісті мәлімет жолдайды; қала әкімдігіне қарасты мекемелерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге талдау жасайды; көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің өз мерзімінде және сапалы орындалуын қадағалайды,мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша бөлімдерде ішкі бақылау жасау арқылы зерделеу жұмыстарын жүргізіп отырады; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізеді; мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.        

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық экономикалық қатынастар, мемлекеттік және жергілікті басқару, журналистика, жобаларды басқару, статистика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару), есептеу техникасы (математикалық және компьютерлік моделдеу, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету), білім (математика, информатика), құқық (құқықтану).

"Назарбаев Университеті"," Назарбаев Зияткерлік мектептері "және" Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

2. Түркістан қаласы әкімі аппаратыныңперсоналды басқару бөлімінің бас инспекторы, Е-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері:Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады; қала әкімімен  мемлекеттік қызметшілерге берілген еңбек демалысы, іссапар, тәртіптік жаза бойынша өкімдерін дайындайды; Түркістан қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық  нұсқаулықтарын  әзірлейді; қала әкімі аппараты  мемлекеттік қызметшілердің табысы жөніндегі мәліметтерінің салық органдарына табыс етілуін қамтамасыз етеді; қызметкерлердің еңбек кітапшаларына жазбалар енгізеді; Түркістан қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің және қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыруын қамтамасыз етеді; Түркістан қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің жеке іс-құжаттарын реттейді; Келіп түскен арыз шағымдарды, облыстық және жергілікті мекемелердің хат-хабарларын қарап, өз мерзімінде сапалы жауап берілуін қамтамасыз етеді; өзіне бекітілген комиссиялардың жұмысын үйлестіреді;Түркістан қаласы әкімі аппаратында келісім-шарт негізінде қызмет атқаратын және, Түркістан қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміндегі келісім-шарт негізінде қызмет атқаратын қызметкерлерге бұйрық шығарып, еңбек шартын  түзеді және олардың жеке іс-құжаттарын реттейді; азаматтық қорғаныс және  төтенше жағдайлар бойынша біліктілігін арттыруын қамтамасыз етеді; қала әкімі аппаратында «МОИП» анықтамалығының өзектілігін қамтамасыз етеді; бас инспектордың міндеттеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функциялары кіреді.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар, білім, қызмет көрсету.

"Назарбаев Университеті"," Назарбаев Зияткерлік мектептері "және" Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)      "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

       2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

            Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ Заңда және "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шықпаса, ішкі конкурстың қорытындылары бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға құқылы.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (3 жұмыскүні), олішкі конкурс өткізутуралыхабарландырусоңғыжарияланғаннанкейінкелесіжұмыскүніненбастапесептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, ол кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының   2017  жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  сайты: www.qyzmet.gov.kz

Түркістан қаласы әкімі аппаратының сайты: www.turakimat.gov.kz






















"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы


 

 

Нысан

__________________________

__________________________

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені______________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

 _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсынақатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

      

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ________                                      ____________________________________

       (қолы)                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      "___"_______________ 20 __ ж.