АЛЛЕЯ ЖОБАСЫН ТҰРҒЫНДАР ӨЗДЕРІ ЖАСАУДА

16 Маусым, 2020

Түркістан халқы көше алдындағы бос аумаққа қандай жоба салу қажеттігін енді өздері таңдайды. Мамандар, шағын аллея, кіші арбат салуға мүмкіндік бар аумақтарды таңдап, сол маңдағы халықпен жүздесіп, бірге эскиз жасауда. Онда тұрғындардың мақсаты мен ойы қандай, нендей дүние және қалай болғанын қалайды, барлығы дерлік тыңдалып, сәйкесінше жобаны өзгертіп, үшінші кездесуде нақты біріне тоқтайды.

Әмір Темір көшесі бойындағы семинар барысына қала әкімі Рашид Абатұлы қатысып, екіжақты байланыстың орнағанын көрді. Яғни, бұған дейін жобалар архитекторлармен жасалса, енді ондағы әр азаматтың ойы ескеріліп, #ХалықтықЖоба пайда болады. Сондықтан, қала басшысы әр бастамадан шет қалмай, идеяларын қосуға шақырып, мұның өзі қала дамуына қосқан үлес екенін жеткізді.
Аумақ халқының бір сәт демалып, қолайлы орта қалыптастыруына арналған семинарлар жалғасатын болады. Жалпы, алдағы уақытта Н. Төрөқұлов, Сырғақ батыр, Тәуке хан, С.Сейфуллин көшелерінде де кездесулер өтіп, жобаға сай құрылысы басталмақ.