ШЕТКІ АУМАҚТАҒЫ ЖАРЫҚШАМДАР ІСКЕ ҚОСЫЛУДА

Кеше
Түркістанда қауіпсіздікті жандандыру үшін тек орталық емес, қала шетіндегі көшелерде де жарықшамдар орнатылып, кешкі уақыттан жарығы жануда.
Естеріңізде болса, Рашид Абатұлы бұған дейін қаланы аралау барысында орнатылғанына 10 жыл болса да, жарығы қосылмаған жарықшамдарды қосып, мүлдем орнатылмаған көшелерге орнату қажеттігін айтқан еді. Көп ұзамай, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, мамандар жаңа тұрғын үй алқаптарында электрлендіру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы, бүгінде 65-ке жуық көше жарықшамдары жарық беріп тұр.
Айта кетейік, егер де көше бойында жарықшамдар техникалық ахаумен өшіп қалар болса, әкімдіктің диспетчерлік нөміріне 87020325732 ақпарат жіберулеріңізді сұраймыз.