КЕСЕНЕНІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУҒА САПАЛЫ ТАСТАР ҚОЛДАНЫЛЫДЫ

13 Маусым, 2020

Құрылыс қарқынын жиі тексеріп, келеңсіздіктерді бақылау - жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуына септігін тигізеді. Осы мақсатта, Рашид Абатұлы жауапты мамандармен бірге шаһардағы барлық бой көтеріп жатқан нысандар, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын бақылады.

Көк күмбезді Қ. А. Ясауи кесенесінің қайта жаңғырту жұмыстарында сапалы тастар қолданып, аумақты көгалдандыруды жандандыру қажеттігін ескертті.
Ал, қаланы көгалдандырып, экологияны жақсарту мақсатында жүзеге асқан "Жасыл белдеудің" жұмыс қарқынына оң бағасын беріп, көшелерде қураған ағаштарды ретке келтіріп, уақытылы суару қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, Тұңғыш Президент саябағы, Hampton by Hilton қонақ үйі, Дендросаябақ құрылысын бақылап, жұмысшы санын көбейтіп, ширатуды тапсырды.