"АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА ІСКЕ АСУЫ ТИІС"

13 Маусым, 2020

Қала әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Жиналыс барысында, қаладағы құрылыс нысандарына мемлекеттік сатып алуды өткізу барысы, әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражаттардың мақсатқа сай пайдалануы туралы, жастар саясаты, жастар мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және білім беру мәселелері талқыланды.
Бюджеттік мәселелер ашық болуы тиіс. Тұрғындарға қаржының түсінікті болуына мән беріп, барлығына ұғынықты ақпарат даярлау қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, жастар - еліміздің болашағы екені айтылып, әсіресе мектеп оқушыларымен сыбайлас жемқорлық мәселесін жиі көтеріп, алдын алуда түсіндірме жұмыстарының мәні зор екендігі сөз болды.
Ал, білім ошақтарында "Адалдық дүкені" жұмыс істеуде. Кез келген азамат алған заттың қаржысын жәшікке қалдыра кетеді. Сонымен бірге, Адами капиталды дамыту бөлімі (Әйтеке би көшесі, №29) әр аптаның жұма күнінде 15.00-16.00 аралығында азаматтарды қабылдайды. Айта кетейік, жұмысқа қабылдау мәселесі "temir.turkestan.e-orda.kz" электронды бағдарламасы арқылы іске асырылуда.
Осындай маңызды мәселелерде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін Рашид Абатұлы автоматтандырылған бағдарламаларды іске асырып, нақты жүйе орнату қажеттігін тапсырды.