КӨГАЛДАНДЫРУ ҮШІН ГИДРОЕГУ ТӘСІЛІ ЖАНДАНУДА

10 Маусым, 2020

Түркістанды көгалдандыру мақсатында жасыл желекке айналдыру жұмыстары қарқын алған. Осы орайда, Б. Саттарханов даңғылының орта аумағында гидроегу (гидропосев) жұмыстары жүргізілуде. Жерді өңдеуді қажет етпейтін дүние, көгал себілген соң 5 қана күнде өсіп шыға бастайды.

Жүргізу жүйесі де қолайлы. Сонымен қатар, техника көмегінсіз, биіктіктер мен сайларға, адам күші жетпейтін үлкен аумақтарға қолдануға өте ыңғайлы.