ТАМЫЗ АЙЫНАН БАСТАП ӘЛЕУМЕТТІК КАРТАЛАР ПАЙДА БОЛАДЫ

09 Маусым, 2020
Түркістан қаласының әрбір тұрғынында тамыз айынан бастап әлеуметтік карта пайда болады. Бұл туралы бүгін қала әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте белгілі болды. Карта арқылы қоғамдық көлікке мінуге, мектепте тегін тамаққа ие болуға және басқа да төлемдер жасауға мүмкіндік бар.
Осы себепті, Рашид Абатұлы әр кәсіпкерде терминал болу қажеттігін баса айтты. Аталған жүйені әлі де жан-жақты толықтырып, тамыз айына дейін толығымен аяқтауды тапсырды. Алдағы уақытта өтінім беру, картаға қалай ие болу жолдары түсіндіріледі. Ал, қала тұрғындары үшін қызмет көрсету арзан әрі тиімді болады.
Одан өзге, кәсіпкерлік нысандарды архитектуралық жарықтандыру жұмыстарын жандандыру қажеттігі де айтылды.