ТҮРКІСТАНДА ХҚО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ЕРІКТІЛЕР САУДА ҮЙЛЕРІНДЕ "ҚАЛТАДАҒЫ ХҚО" АКЦИЯСЫН ӨТКІЗУ

05 Маусым, 2020
Акция барысында тұрғындарға халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа жұмыс істеу форматы таныстырылып, электронды үкімет порталын пайдалану және портал көмегімен мемлекеттік қызметтерге «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімдеріне бармастан, онлайн тапсырыстар беруді, сондай-ақ Телеграмм жүйесінде EgovKzBot2.0, Mgov бағыты бойынша қызметтер алу, ХҚО-ға кезекті алдын ала брондау жолдарын үйретіп, ақпараттық брошюралар таратты.
Акцияға қызыға қатысушылар онлайн-қызметтер алудың жолдарын үйрене отырып, өздеріне қажетті анықтамаларын, электронды үкімет порталы туралы көптеген сұрақтарына ұтымды жауаптар алды.
«Қалтаңыздағы смартфон халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді жылдам алуға көмектеседі. Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады.
Айта кетейік, елімізде төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін, ХҚО ғимараттарында азаматтардың жиналуын және қызмет алушылардың вирусты жұқтыру жағдайларын болдырмау үшін ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетімсіз және тек алдын ала брондау арқылы «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтерді (106 мемлекеттік қызмет) ғана ұсынады. ХҚО-ға кезекті еgov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы брондауға болады.