ТҮРКІСТАНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

04 Маусым, 2020
Түркістанда мамыр айы бойынша жалпы ұзындығы 1275 м және 4900 ш. м құрайтын көгал Кенесары, Т. Бокин және Жолбарысхан көшелері бойында егілді. Облыс орталығын жасыл желекке айналдыру жұмыстары мұнымен тоқтамайды.
Себебі, Абылай хан, Төле би, Әмір Темір, Шекті Тілеу көшесінің оң жақ беті, айналма жол, Мұсабеков, Талқанбаев, Сандыбай, А. Үсенов көшелерінде де көгал егу істері жанданған. Мамырда бастаған экологияға әсерін тигізер істі жұмысшылар маусымда аяқтауды жоспарлаған.
Одан өзге, маусым-шілде айларында Яссауи, Ақан Сері, Тұтқабаев, Әйтеке би, А. Жармұхамедов, Тыныштықұлов, Н. Оңдасынов көшелері тұрғындары мен жаяу жүргіншілер үшін жасыл аймаққа айналады.
Нәтижесінде, жалпы ұзындығы 17370 м, яғни 111950 ш. м аумақ шілде айының соңына дейін көгалданатын болады.