ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖОЛЫ ПАЙДА БОЛДЫ

04 Маусым, 2020


Түркістанда қоғамдық көліктердің кедергісіз қозғалыс жасауы үшін «Bus Lane» жолағы сызылды. Сондай-ақ, жасыл жолмен мүгедек арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен электромобилдер жүре алады.
Жасыл түсті белгілер жақын күндері Түркістанның барлық көшелерінде пайда болады. Арнайы белгіленген жолға басқа көліктердің кіруіне және тоқтауына тыйым салынған. Алда Б. Саттарханов даңғылы бойында көліктің тоқтауына мүлдем рұқсат етілмейді. Жаңа жоба тесттік режимде енгізілгендіктен, әзірге ереже бұзғандарға айыппұл салынбайды.
Жол қозғалысына енгізілген жаңа өзгеріс қаладағы кептелістің алдын алып, жылдамдықты асыруға жол бермейді. Сондай-ақ, жолаушылар да тиісті жеріне уақытылы жете алады.