БҮГІН ТҮРКІСТАНДАҒЫ БІЛІМ ОШАҚТАРЫНДА "Birgemiz: ТҮЛЕК 2020" СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТТЫ ШАРАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

03 Маусым, 2020

Қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов №19 жалпы орта мектебіне барып, түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтап, үлкен өмірге қадам басудағы қадамдарына ақ жол тіледі.

Биылғы мектеп бітіру күні еліміздегі жағдайға байланысты ерекше өтуде. Атап айтсақ, сақтық шаралары, яғни кіре берісте температураны өлшеп, қатысушы оқушылар, ата-аналар мен ұстаздарға медициналық бетперде мен қолғап үлестірілген. Әр сынып жеке-жеке соңғы қоңырауды өткізеді. Сол аралықта бір сағат уақыт дезинфекция жасауға бөлінген.

Жалпы, Соңғы қоңырау рухани шаһарда 3-4 маусым, яғни ертең де жалғасатын болады. Аталған кешке тек оқушылар, ата-ана мен мұғалімдер қатысады. Түркістан қаласы бойынша биыл 1507 түлек мектеп бітірсе, соның 1150-і ҰБТ-ға қатысады. "Алтын белгіге" 116, "Үздік аттестатқа" 46 оқушы ие болды. Ал, мерекелік кештен соң, түлектер ағаш отырғызып, өздерінен кіші сыныптарға өнеге көрсетті.