ТУРИСТЕР ҮШІН ҮШ ТІЛДЕ АУДИТОГИДТЕР ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

02 Маусым, 2020
Түркістан шаһарын тиімді дамытудың бірден бір жолы - туристік әлеуетін арттырып, келушілерге оңтайлы жағдай жасау. Бұл мақсатта, жаңадан дайындалған туристік себетіне электрокармен аралап, гид пен аудиогид көмегіме жүгіну, энто және брендтелген кәдесыйлар дүкендеріне саяхат жасау мүмкіндігі бар. Көлікпен Сауран қаласына сафари, бүркіттер шоуы, күн батқанда далаға түйелер керуенін жүргізу және қобыз үнінің сүйемелдеуімен кештер, көшпенділер шоуы, ыстық тандыр нан мен саумал ішіп, аттылардың алаулармен жарықтандырылған көріністері өтеді.
Ал, көптеген құрылыс жұмыстары шілде айында толық аяқталмақ. Атап айтсақ, «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің аумағын абаттандыру 3 кезеңге бөлінген. Қазіргі уақытта кәріз жүйесін жүргізуге жер қазылып, субұрқақ алаңына бетон құю жұмыстары жалағасуда. «Тұңғыш Президент саябағында» бүгінде кәріз және электр жүйелері толығымен аяқталған. Сонымен қатар, 2 мыңдай ағаш отырғызылып, жарық жүргізіліп, сыртқы су жүйесі іске қосылды.
Рухани-мәдени орталықта да инженерлік инфрақұрылым құрылысы мен драмтеатр аумағын абаттандыру жұмыстары қалыпты жүруде. Көне сәулет өнерінің көзі – «Керуен сарай» кешені биыл күзде аяқталып, шығыс базарының ежелгі келбеті облыс орталығында көрініс таппақ.