ҚАЛАДАҒЫ БЛОК-БЕКЕТТЕР ТОЛЫҒЫМЕН АЛЫНДЫ

01 Маусым, 2020
Бүгіннен бастап қаладағы блок-бекеттер толығымен алынды. Наурыз айының соңғы күндерінде бастапқыда 5, ал уақыт өте тағы екі бағытта, жалпы саны 7 бақылау-өткізу бекеті қойылған еді. Полицейлер, дәрігерлер, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау (СЭС) қызметкерлері және әскерилер осы уақытқа дейін қауіпсіздік шараларын жандандырып, әр келушінің дене қызуын тексеріп, бақылап отырды.
Екі айдан астам уақытта орнатылған бейнекамералар арқылы ситуациялық орталықта да бақылау жүргізілді. Ал, ендігі Түркістан-Қызылорда және Түркістан-Шымкент бағытындағы бекеттер де алынды. Дегенмен, карантин режимінің талаптары, арақашықтықты сақтау, бетперделік режим өз күшінде. Еліміздің болашағы - Сіздің қолыңызда!