Н.НАЗАРБАЕВ АЛЛЕЯСЫНЫҢ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ БОЛҒАНҒА ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ КЕЛБЕТІ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА!

01 Маусым, 2020

Н. Назарбаев аллеясының облыс орталығы болғанға дейінгі және кейінгі келбеті назарларыңызда!

Жаңа жоба бойынша полиция пункті орыны ауысып, алаңның біраз бөлігін алып тұрған автотұрақ алынды.
Нәтижесінде, серуенге шыққан қонақтар мен тұрғындарға арнайы жолдар, салқын ауа сыйлайтын арықшалар, жасыл желектер, шағын көпірлер мен лэд экрандар орнатылды. Жерлестеріміз соңғы ақпараттарды экрандардан көріп, рухани шаһардың ең басты символы - Қ. А. Ясауи кесенесіне көз жүгірте алады.
Рухани-мәдени аумақтағы өзгерістер тарихи нысандардың келбетін сақтай, заманауи өзгерістерді қолдануды мақсат тұтқан. Жан-жағындағы нысандар да қазақи нақышта және шығыс стилі бойынша жаңа көрініске өзгеру үстінде.