Бүгін қала әкімі Рашид Аюпов шаһардағы жүргізіліп жатқан істер барысын бақылады.

23 Мамыр, 2020




Қалаға кіреберіс бағыттың бірі - Түркістан-Кентау тасжолының екі жиегінде салынып жатқан тасарық жұмысы ерекше назарда. Себебі, алдағы жаз мезгілінде салқын леп сыйлап, экологияға әсер ететін мұндай жобаларда тұрғындарға жайлы жағдай жасауға басымдық берілген. Сондықтан да, бақылау барысында жұмыстарды мердігерлер сапалы әрі уақытылы жасау қажеттігі тапсырылды.


Б. Саттарханов даңғылы бойында асфальт жолға су ағуы нәтижесінде қозғалысқа жарамсыз болған. Осы шағын аумақта жауаптылар үздіксіз жұмыс жүргізуде. Алда 10 күн ішінде аяқталады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, Рашид Абатұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі және заманауи стильді қатар жаңғыртқан, шығыс базарының келбетін танытатын "Керуен-Сарай" кешеніне барып, карантин режиміне қарамастан, сақтық шараларын орындай, жұмыстар жоғары деңгейде жүргізілу қажеттігін айтты.