Бүгін қала әкімдігінде Рашид Аюповтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. ⠀

19 Ақпан, 2020 Бүгін қала әкімдігінде Рашид Аюповтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.

Күн тәртібі бойынша алдымен білім саласындағы өзекті мәселелер айтылды. Бүгінде білім беретін 37 күндізгі мектептің (4 жекеменшік мектеп) 36-сы типтік, 1-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Онда мектепалды даярлық сыныпта 2708 оқушы, ал 1-11 сыныпта білім алып жатқан оқушы саны - 41 692. 2018-2019 оқу жылындағы оқушы санының көрсеткіші 39 052-ні құраған болатын.

Бөлім басшысы атап айтқан мәселелер қатарында білім беру ұйымдарында қауіпсіздіктің, тәртіптің талаптарын күшейту мақсатында мекеме аумағын бейнебақылау жүйесімен толық қамту бойынша бірнеше ұсыныстарын білдірді.

Ал, "Бірлік" елдімекенінде мектеп салу ісінде шаһар басшысы алдымен инфрақұрылым жүйесі мен балаларға алыс болмайтындай жерден салуды ұсынды. Дей тұра, онда халық өсімі болатыны да сөз етілді.