Түркістан - әлем назарында!

11 Ақпан, 2020 Түркістан - әлем назарында! Көк күмбезді шаһардың терең тарихы рухани астананы биіктерге жетелей бермек.

Қала әкімі Рашид Аюпов бүгінде Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс сапары аясында жаңа облыс орталығы үшін маңызды құжаттарға қол қойды!

Жаһандық деңгейдегі мәселелерді шешу үшін іске асқан Біріккен ұлттар ұйымының "Тұрақты Даму Мақсаттары" (ТДМ) жобасына сай жүздеген елдімекен тәжірибе бөлісіп, қолдау көрсетіп, өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес мақсаттарына жетуі жоспарланған. "Ерікті түрде Жергілікті атқарылып жатқан жұмыстар барысына Шолу" (ЕЖШ) бағдарламасының әсері ауқымды! Алайда, Түркістан дамыған қалаларға жету үшін қайталауды емес, жаңашыл бағыттар мен бастамалар енгізуді бастайды!

Бүкіл әлемге белгілі Microsoft, :bulba, the untitled,, Flint Capital теңдес мекемелер қолдау көрсетіп келген "EMERGE" жобасы да осы жылы наурыз айында Түркістанда өтпек!

Бұл Қазақстанға, оның ішінде Түркістанға туристерді тартып қана қоймай, жергілікті жас кәсіпкерлерге орасан зор мүмкіндік береді.

Дүниежүзіне танымал озық ойлы азаматтар бас қосатын жобада жастарға үлкен мүмкіндік тумақ! Жастар, идеяларыңызды тәжірибе жүзінде шыңдауға уақыт келді! Мүмкін сіздің жобаңыз "ең керемет" болар?!