Бүгін қалалық мәдениет үйінде шаһар басшысы Рашид Аюпов азаматтардың өтінім-ұсыныстарын тыңдау үшін "Ашық есік күнін" өткізді.

03 Ақпан, 2020 Бүгін қалалық мәдениет үйінде шаһар басшысы Рашид Аюпов азаматтардың өтінім-ұсыныстарын тыңдау үшін "Ашық есік күнін" өткізді.

Қабылдау таңғы 9:00-ден 16:00-ге дейін жалғасын тауып, жалпы 124 тұрғын келді.
Мәселен, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау танытуды көздеген жерлесіміз арнайы орталық ашу үшін жер телімін сұрап келді.

Бірнеше азамат денсаулық жағдайына байланысты ыңғайлы жұмысқа тұруына қолдау білдіруді өтінген.

Сондай-ақ, қала тұрғындарына рухани азық сыйлап жүрген театр қызметкерлері актерлер үйін жекешелендіру жолдарын қарастыруды ұсынды.

Сонымен бірге, өзге де көптеген мәселелер талқыланып, Рашид Абатұлы әрбір дербес бөлім басшыларына аталмыш мәселелердің қысқа мерзімде шешілуі үшін назарға алынып, қажетті жұмыстар жүргізілуін тапсырды.

"Халықтық әкімдік" құруды мақсат еткен Рашид Абатұлы енді ай сайын осындай ашық кездесулерді жүзеге асыратынын айтып өтті.