ХАБАРЛАНДЫРУ!

01 Ақпан, 2020 Құрметті Түркістан қаласы тұрғындары!

Түркістан қаласы әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға алда тұрған міндеттері туралы халықпен есеп беру кездесуі 5.02.2020 жылы сағат 11:00-де Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданы, "Ақжайық" музыкалық мектебінің ғимаратында өтеді.

Сонымен қатар, қалалық мәдениет үйінде онлайн байланыс орнатылып, тұрғындардың тікелей сауал қоюына мүмкіндік қарастырылатын болады.

Тұрғындардың ұсыныстары, шағымдары мен пікірлері үшін ақпарат жинау жәшігі Түркістан қаласы әкімдігінің ғимаратына (Әмір Темір, №28) қойылғанын хабарлаймыз.