Хабарландыру!

29 Қаңтар, 2020

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!

         Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және реттеу жұмыстарының істеу тәртібін енгізу мақсатында «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік Корпорациясы» акционерлік қоғамы, кестеге сәйкес Түркістан қаласында орналасқан сауда павильондарына (әлеуметтік дүкендерге) комиссионерлерді (жалдаушыларды) анықтауға конкурс жариялағанын хабарлайды:


Лот №

Сауда павильонының (әлеуметтік дүкеннің) орналасқан жері

Сауда павильоны (әлеуметтік дүкен) №

Сауда павильонының (әлеуметтік дүкеннің) көлемі

1

Әл-Фараби көшесінде (Бірлік заправкасы)

Әлеуметтік дүкен №5

17,89м2

2

Жандосов көшесінде (Бекзат мөлтек ауданы)

Әлеуметтік дүкен №8

17,89м2

3

А. Сабырханов көшесінде (Ремзавод, Мешіттің қасында)

Әлеуметтік дүкен №10

17,89м2

4

Жауғашты базары (Жеңіс саябағы)

Әлеуметтік дүкен №14

17,89м2


            Конкурсқа қатысуға өтінімдер 1-қосымшаға сәйкес 2020 жылдың 29 қаңтарынан 16 ақпаны аралығында (жұмыс күндері 09:00-ден 19: 00-ге дейін) Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы 34А мекенжайы бойынша қабылданады.

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

-       1-қосымшаға сәйкес мүлікті жалға беруге арналған сауда павильонын ұсынуға арналған өтініш нысаны;

-      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмесі, жеке тұлға үшін - кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу құжатының көшірмесі, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) - консорциум келісімінің көшірмесі;

-      кәсіпкерлік жүргізуші субъектінің жеке күәлігінің көшірмесі;

-       кәсіпкерлік қызметке қаражаттың бар екендігі туралы банктің белгісі бар жеке ағымдағы шоттың құжаты;

-      кәсіпкерлік жүргізуші субъектінің салық қарызының жоқтығы туралы анықтама.

Қосымша:

-     өкілдің сенімхатын растайтын құжат (қажет болған жағдайда);

-     презентацияның немесе бизнес-жоспардың болуы (бар болса);

-     сауда павильондарының одан әрі жұмыс істеуі үшін қаржылық ресурстардың болуы (анықтама);

-    анықтаманың болуы (көп балалы аналар, жалғызбасты аналар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, III топтағы мүгедектер)


Қызықтырған барлық сұрақтар бойынша «Түркістан» ӘКК» АҚ-на хабарласыңыз. Байланыс телефоны: 87771153232 Азат.

1 қосымша


Мүлікті жалға беруге арналған сауда павильонын ұсынуға арналған өтініш нысаны



«Түркістан» ӘКК» АҚ-ның

  басқарма төрағасына

   _______________________

  (Компанияның атауы)

       БИН (ЖСН)______________

________________________

                                                                                                 


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________



_______________(қолы)


     Күні ___________________