ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ РОМАН СКЛЯР ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

16 Қаңтар, 2020

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ РОМАН СКЛЯР ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Үкіметтің жұмыс тобы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Түркістан қаласындағы бірқатар әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік маңыздағы нысандарын аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Биыл қолданысқа берілетін ғимараттардың құрылыс барысы бойынша күнделікті мониторингілеу нәтижесінде құрылыс компаниялары жұмысшылар санын көбейтіп, екі ауысымды жұмыс кестесіне көшті. Сонымен қатар, Түркістан өңіріндегі көгалдандыру, ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарын наурыздың 10-на дейін толық аяқтау жоспарланған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі