ӘКІМ БАҒА ТАРИФІНЕ ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

22 Желтоқсан, 2019

Түркістандықтар ол талаптармен де таныс болды. Ендеше, қала әкімі жария еткен талаптармен таныстыра өтейік. Қоғамдық көлік 40 пайызға көтерілсе, яғни 70 теңгеге қымбаттайтын болса:

  1. Автобустарда балалар тегін жүреді;
  2. Әр автобуста кондуктор болады және жолаушыларға билет беріледі;
  3. Автобустар түнгі 10-ға дейін жүреді;
  4. Әкімдікпен келісімге келген әр маршрут толықтай және өзгеріссіз орындалады;
  5. Тазалық талаптары, жылу параметрлері және басқа да жол жүру ережелері сақталынады;
  6. Автобустар тек тоқтауға арналған арнайы жерлерде тоқтайды;
  7. Тамыз айына дейін автобустар жаңартылып, GPS орнатылып, әкімдікке басқару құқығы беріледі;
  8. Мамыр айына дейін автобустарда электронды билет жүйесі енгізіледі;
  9. Қаңтар айынан бастап рафик секілді көліктер қала ортасында болмайды;
  10. Осы талаптар орындалуы туралы халық алдында уәде береді.
    “Келісім-шарт бекітіп, шарттар орындалмаған жағдайда келісім-шарт өз күшін жойып, басқа компанияларға мүмкіндік беретін боламыз”, – дейді қала әкімі Рашид Абатұлы.

Сондай-ақ, келер жылдың күз мезгіліне дейін су жаңа, үлкен автобустарды әкелу жоспарланған. Мұны жүзеге асыру мақсатында жұмыстар да басталып, ол облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тікелей бақылауында тұр.
“Кейде, қиын да болса қаламыздың болашағы мен өркендеуі үшін ауыр шешімдерді қабылдауға тура келеді. Түсіністікпен қарайды деген үміттемін”, – деген Рашид Аюповтың бұл жазбасын халық оңынан қабылдап, тіпті бұл талаптар орындалар болса, қымбаттауы жөн деген ойларын да ортаға салуда.