ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

11 Желтоқсан, 2019

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ – ЗАМАН ТАЛАБЫ. 

Бүгін 11-желтоқсан күні Түркістан қаласы әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының және Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен тұрғындарға электронды түрде мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігін насихаттау мақсатында «Мега» сауда орталығында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеде қызмет көрсету мекемесіне және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, өздеріне электрондық қолтаңба  алған жағдайда, қажетті анықтаманы немесе қызметті алуға болатыны туралы насихатталды. Аталған шараға 300-ге жуық қала тұрғындары қызығушылық білдіріп, түрлі сауалдармен тиісті мекеме мамандарына жүгінді.  

Облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы филиалының мамандары келушілердің арасынан 70 азаматқа электронды цифрлы қолтаңба беріп, қызмет көрсетсе, әкімдіктің мемлекеттік қызмет көрсететін тиісті бөлімдері көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.

Жәрмеңкеге Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Ж.Наушабай, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Б.Исаков, бөлім басшысы Б.Әшір, бас маманы Д.Сүртеков және облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Е.Өтебаев мамандарымен қатысып, жәрмеңкеге қатысты өз ойлары мен пікірлерін білдірді.

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтылығына, көрсетілу сапасына баса мән берілуде. Осы бағытта қазақстандықтар үшін жуырда «Электрондық үкімет порталының» «Е-gov mobile» жаңа мобильдік қосымшасы қолжетімді болды. Енді ұялы телефон арқылы 50-ден астам электрондық қызмет пен сервисті пайдалануға болатындығы  жәрмеңгеке келген көпшілікке түсіндірілді.