Хабарландыру! Құрметті Түркістан қаласының кәсіпкерлік қызмет субъектілері!

28 Қараша, 2019

Құрметті Түркістан қаласының кәсіпкерлік қызмет субъектілері!

         Түркістан облысының азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету  үшін «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамымен кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне қарыз беру қарастырылуда.

Қарыз беру қарыз шартын жасау жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық шарттарымен жүзеге асырылады.

Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар (өлшемшарттар):

1) кәсіпкерлік субъектілерінде азық-түлік тауарларын тиісінше сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сауда-логистикалық инфрақұрылымның (қойма құрылыстары, арнайы жабдығы бар үй-жайлар және басқалар) болуы;

2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен коммуналдық қызметтерді жеткізушілер алдында берешектің болмауы;

3) кәсіпкерлік субъектісінің басшылығында, бас бухгалтерінде және өзге де уәкілетті тұлғаларында заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесінде көзделген тауарлардың барлық атауын іске асыру;

5) кәсіпкерлік субъектілерінде жеке меншік немесе ұзақ мерзімді жалға алу құқығындағы (5 жылдан астам мерзімге) қолданыстағы стационарлық бөлшек сауда объектілерінің болуы;

6) кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты оңалту және (немесе) банкроттық рәсімі қолданылмауға тиіс;

7) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 164 "Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10971 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы             № 358 "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының  талаптарын сақтау (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15689 болып тіркелген).

Қарыз беруге өтінімдер 1-қосымшаға сәйкес 2019 жылдың                              28 қарашасынан 6 желтоқсан аралығында (жұмыс күндері 09:00-ден 19: 00-ге дейін) Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы 34А мекенжайы бойынша қабылданады.


Қызықтырған барлық сұрақтар бойынша «Түркістан» ӘКК» АҚ-на хабарласыңыз. Байланыс телефондары: 87000241188 Нияз, 87477176167 Әсел.

.

1 қосымша


Қарыз беруге арналған өтінім формасы




«Түркістан» ӘКК» АҚ-ның

  басқарма төрағасына

   _______________________

  (Компанияның атауы)

       БИН (ЖСН)______________

________________________

                                                                                                 


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




_______________(қолы)


     Күні ___________________