ХАБАРЛАНДЫРУ! Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күні

18 Қараша, 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биылғы жылғы 21 қарашада өткізу жоспарланды.

Онда, барлық деңгейдегі әкімдер (облыс, аудан, қала, ауылдық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері) тұрғындарды қабылдайтын болады.

Осыған орай, Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы Аюповпен  қала тұрғындарын ағымдағы жылдың 21 қарашасында Түркістан қаласы, Есімхан алаңы,  №3 мекен жайда сағат 9-00 ден
19-00 дейін
(түскі үзіліс сағат 13-00 ден 15-00 дейін) жеке қабылдау өткізіледі.

Алдын-ала қабылдауға жазылу 8 (72533) 4-11-77, 4-00-74   байланыс телефондары арқылы 15 қараша сағат  9-00 ден басталып 20 қараша сағат 19-00 дейін жүргізіледі. Сонымен қатар, Tur__akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы жолдауларыңыз болады.

(Қабылдауға жазылудың мақсаты, көтеретін мәселе бойынша тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету. Осыған орай, өтінішіңіздің мәтінін толық көрсетуді және кері байланыс орнату үшін мекен-жай, байланыс телефон және электронды почта көрсетілуі қажет)