Сенбілік көпқабатты үйлерде жалғасын тапты

09 Қараша, 2019


 Бұл сенбілік басқа сенбіліктерге қарағанда өзгерек. Себебі, осы жолғы тазалық акциясы рухани шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесін тазалаумен жалғасты. 

Шаһар басшысы Рашид Аюповтың тапсырмасымен әкімдік қызметкерлері тұрғындармен бірлескен түрде жертөлелер тазаланып, және әрбір пәтер иесі өзі тұрған көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінің таза болуына да жауапкершілікпен қарауы керектігі түсіндірілді. Сенбілікте жертөледегі және аулалар арасындағы күл-қоқысты тазалау жұмыстары жүргізілді.

Көпшілік жұмыла жүзеге асырған тындырымды тірлік  нәтиже берді. Көп жылдар бойы жиналған қоқыс сыртқа шығарылып, "Түркістан жарық-тазалық" ЖШС қызметкерлерінің көмегімен арнайы орындарға тасталуда.