БІР КҮНДЕ 24 МЫҢ ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

19 Қазан, 2019

БІР КҮНДЕ 24 МЫҢ ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Түркістанды жасыл қалаға айналдыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Көне шаһарды көгерту үшін "Бірге таза Қазақстан" акциясы аясында 19-қазан күні облыс орталығында жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Оған өңірдегі 16 аудан қала әкімдігінің қызметкерлері мен барлық басқарма өкілдері қатысты. Нәтижесінде бір күнде қалада 24 мыңдай тал көшеті отырғызылды. Бұл жұмыстар желтоқсан айына дейін жалғасады, деп жоспарлануда.

Қаланы көгалдандыру үшін ұйымдастырылған шара шаһар аумағын тұтас қамтыды. Бұл күні қала аумағындағы күл-қоқыстар тазаланып,  ағаш көшеттері отырғызылды. Ол, үшін 33 техникамен 3 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Сөйтіп бір күнде 100-деген гектар жерге көшет отырғызылды.

Айтып өтейік қаланы көгалдандыру жұмыстары өткен жылы қолға алынған болатын. Содан бері шағарда 49 мың түп тал-дарақтар отырғызылды. Ал, суландыру жүйесін жақсарту үшін 57 су ұңғымасы қазылып, іске қосылды. Бүгінде қала аумағы 16 бөлікке бөлініп, онда 16 аудан,  басқармалар мен қалалық бөлімдермен бірлесе жұмыс істеуде. Оған қоғамдық ұйым мүшелері де қол ұшын созуда.

Түркістанды жасыл қалаға айналдыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Келер жылдың көктеміне дейін қалада 3,5 миллион түп көшет отырғызылады. Сөйтіп, қалада 7700 гектар жасыл белдеу қалыптасады.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі