ЖАҢА ТІРЕК ПУНКТІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ.

25 Қыркүйек, 2019

Облыстың орталығы Түркістанның тарихы тағы бір жағымды жаңалықпен толықты. Әмір Темір көшесінде бой көрсеткен жаңа тірек пункті ел игілігіне пайдалануға берілді.

Жаңа бекеттің ашулына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков жаңа нысанның лентасын қиды. Мұнда тәртіп сақшылары халықтан туындаған сауалдарға жауап беріп, оңтайлы шешімін табуға қызмет жасайтын болады. Тәртіп сақшыларының қызметін ашық әрі айқын ету мақсатында салынған полиция бекеттеріне кез келген қала тұрғыны мен қонақтары мұнда емін-еркін кіріп, полицияға талап, ұсыныс, тілектерін білдіре алады.

Бұған дейін мұндай тірек пункті аталмыш көшедегі аялдаманың жанында қойылған болатын. Бұл жолғы пирамида пішіндес ғимараттың ерекшелігі іші кітаптармен толыққан. Келуші қала тұрғыны мен туристері құқық қорғау саласының қызметкерлерімен тілдескеннен бөлек, зейінін ашып, рухани байлыққа да қол жеткізе алады. Іске қосылған нысан байланыстың барлық түрімен қамтамасыз етіледі. Көпшілік аялдайтын орталыққа орналасқан бұл пункттің жазда салқын, қыста жылы болуыда қарастырылған.