ҚАЛАДАҒЫ БАҒДАРШАМДАР ЖАҢАРТЫЛУДА.

12 Тамыз, 2019

Түркістан қаласында 27 бағдаршам нысаны бар. Ескі типтегі 27 бағдаршамның 15-і жаңасына ауыстырылса, қосымша 5 жаңа бағдаршам орнатылады. Тағы 5 жаңа бардаршам орнату мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. 27 бағдаршамның 70% пайызы жаңартылады. Жалпы қала көлеміндегі бағдаршамдардың саны 37-ге өседі.

С. Қожанов көшесінің бойында орталық Есім хан алаңының жанында бағдаршам және шақыру панелімен жабдықталған жаяу жүргіншілер жолы орнатылды. Енді жолдың келесі бетіне өту үшін бар болғаны бағдаршам жанындағы тақтаға алақанды тигізіп жасыл белгіні күтіңіз. Жолдан еш қиындықсыз өте аласыз.

Біздің мақсат - сіздің жайлылығыңыз!