МЕМЛЕКЕТТІК АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ АЛУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ.

07 Тамыз, 2019 7-тамыз күні Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен пробация қызметінің ұйымдастырумен пробациялық бақылау белгіленген азаматтардың қатысуымен «Атаулы әлеуметтік көмек» бойынша семинар өтті. 
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Бурибаева атаулы әлеуметтік көмек бойынша пробация бақылауындағы азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көмек алғандарға қаржыны тиімді пайдаланып, жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік шарттарын орындау қажеттілігін айтып өтті. 
Бүгінде осы санаттағы атаулы әлеуметтік көмек алғандардың ішінде түрлі бағыт бойынша өз кәсібін дамытып, жұмыспен қамтылған 6 отбасы мемлекеттік жәрдемақыға өз ризашылықтарын білдірді. 
Кездесу барысында АӘК жәрдем ақысының төңірегінде туындаған сұрақтарға тиісті сала мамандыры толыққанды жауаптарын беріп, түсіндіріп өтті.