ҚАЛА ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!

15 Шілде, 2019

15-шілде күні Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қала жастарымен кездесті. Қаланың белсенді жастары жиналған кездесу еркін форматта өткізілді. Алғашқы сөзден-ақ жастарды еңбекқорлыққа шақырған Рашид Абатұлы жемқорлықтан бойды аулақ ұстауға үндеп, тіл үйренуді үлгі етті. Әр жастың қойылған сұрақтарына өз өмірі мен тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, жауап берді. Сондай-ақ, Түркістанның туризмі мен әлеуметтік жағдайын дамытуда бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Жастар жылында жаңа жобалар іске асырылатындығын да атап өтті. Қала басшысы еліміздің болашағы жастардың ұсыныстарын біліп, пікір алмасу үшін кездесу ұйымдастырып тұратындығын да жеткізді.

Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.