ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ РАШИД АЮПОВ АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ШТАБЫНА БАРДЫ

07 Шілде, 2019

Қазіргі уақытта Түркістан және Нұр-Сұлтан қаласы 9-учаскеге жауапты. Онда 600 жеке меншік, 59 көпқабатты үйлер, 6 әлеуметтік және 22 коммерциялық нысандар орналасқан. 10 жеке үй мен 5 көпқабатты үй тұруға жарамсыз күйге түскен. 30 үй жөнделді, қазіргі уақытта 65 жеке және көп қабатты үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нұр-Сұлтаннан 11 компания мен 186 жұмысшы тартылды. Жергілікті тұрғындарға 38 тонна азық-түлік таратылды. 245 тонна қоқыс шығарылды. Түркістан қаласынан 1 камаз, 1 жүк тиегіш, 1 автобус және 1 су тасушы көліктер жұмылдырылды. 

                                                                                                                                     Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі