ЖАҢА БАСШЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

05 Шілде, 2019

Қала әкімі Рашид Аюпов Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен кездесті. Бүгінгі таңда Түркістан ІІБ құрамына 322 адам кіреді, резервте 13 патрульдік автокөлік бар. Сондай-ақ қалада туристік полиция жұмыс істейді. Алдағы уақытта полиция ғимаратын жаңғырту және азаматтарды қабылдау үшін фронт - офис салу жоспарда бар.


Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі