ҚАЛА ӘКІМІ Р.АЮПОВ «УАҚЫТТЫ ТЕК НӘТИЖЕЛІ ІСКЕ ЖҰМСАЙЫҚ»

05 Шілде, 2019 Қала әкімдігінің кезекті мәжілісінде шаһар басшысы Р.Аюпов қаладағы мемлекет мұқтаждығы үшін алынатын меншік нысандары туралы мәселені талқылады. Бүгінгі таңға дейін қала бойынша «Әкімшілік іскерлік орталығы», «Рухани-мәдени аймақ», Б.Саттарханов және Тәуке хан даңғылы бойындағы, Шығыс базарының құрылысы түсетін аумақтағы нысандардың мемлекетке қайтарылуы туралы жауаптылардың мәліметін тыңдады. Жалпы саны бүгінгі  таңға дейін 1349 нысан мемлекетке қайтарылу керек болса, оның бүгінде 441 алынып, орынына жаңа құрылыс жүріп жатыр.

 «Нәтижелі жұмысты көбейтіп, жиналысты азайтайық» деген қала  басшысы Р.Аюпов: ұжымға берілген тапсырманың нақты, уақытылы орындалуын талап ететінін жеткізді.


Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі