ӨҢІР БАСШЫСЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ БАРЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

05 Шілде, 2019

Облыстың орталығы Түркістан қаласындағы құрылыстың қарқыны қызу жүріп жатыр. Елбасының 2018 жылғы 29-қыркүйекте бекітілген Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасына сәйкес жүргізіліп жатқан барлық құрылыс нысандары межеленген мерзімде біту үшін тоқтаусыз жүріп жатыр. Бүгін осы жұмыстардың барысын өңір басшысы Ө.Шөкеев пен қала әкімі Р.Аюпов және басқарма басшылары, әкім орынбасарлары аралап, пысықтап шықты. Орталықтағы абаттандырылып жатқан көшелердің құрылысымен әкімшілік іскерлік орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлердің, рухани-мәдени аймақтағы Шығыс моншасының, Н.Назарбаев атымен аталатын серуендеу аллеясының, Халықаралық әуежайдың құрылысын көрді. Аталған алып құрылысты «Bazis A»,  «ВІ group», «Отау Строй», «Ақ жол», «Береке» сияқты белгілі құрылыс компаниялары жүргізіп жатыр. 


Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі