СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ОРТАҚ IС

28 Маусым, 2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсынуды қарау шеңберінде Түркістан облысы әкімдігінің ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты - ұжым арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтарды болдырмау, алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Кездесу барысында Түркістан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Р.Бектаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыну қаралды.

Ұсынуды қарау нәтижесімен, Мақтарал ауданының әкімі Б.Асановқа тәртіптік шара қолданылды.

Сонымен қатар, Кентау қаласының әкімдігінің ұжымымен Кентау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыну қаралды.

Іс-шара соңында, Департамент басшысының орынбасары Р.Куватов сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын құру, жемқорлыққа қарсы күреске азаматтардың жеке үлестерін қосу мақсатында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 нөмірлі call-орталығына хабарлауға болатындығын жеткізді.

 

      Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі