ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРАШАДА АЯҚТАЛАДЫ

28 Маусым, 2019

Әзірет-Сұлтан тарихи-мәдени қорығы қабылдау орталығының құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылдың сәуір айында басталды. Жамбыл облысы әкімдігінің Түркістан қаласына тартуы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ең жақын орналасқан заманауи ғимараттың бірі болмақ.

  Құрылысын «КДСМ» ЖШС мердігер компаниясы жүргізуде. Жалпы аумағы 1 га жер телімінде жаңғыртылып жатқан нысанның көлемі 2100,0 шаршы метр.

   Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің №4 жатақханасы ретінде пайдаланылып келген ғимарат енді архитектуралық кешенге айналатын болады.  Қабылдау орталығы толықтай қараша айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

                                                  Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі