Сенімменен өркенде!

28 Мамыр, 2019

Нарықтық экономиканың негізі болып табылатын, кәсіпкерліктің дамуы – Қазақстанның стратегиялық басым бағыты болып табылады. Осы мақсатта мемлекеттің бастамасымен республикада бірнеше ұйымдар ашылды. Олардың бірі болып табылатын, Түркістан облысы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі КҚКО) 7 желтоқсан 2018 жылы Түркістан облысы әкімдігінің №325 қаулысына сәйкес құрылды. КҚКО 6 жыл қызмет еткен, «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС негізінде құрылды.

Консалтингтік қызметтер көрсету саласындағы көп жылдық тәжірибе мен үздіксіз мониторингтің негізінде КҚКО кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік әлеуеті бар азаматтарға кешенді қызмет көрсету мүмкіндігін иеленеді.

КҚКО қызметі келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

l  Консалтинг бөлімі→ кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары, квазимемлекеттік қаржылық институттар мен екінші деңгейлі банктердің(ЕДБ) қаржыландыру шарттары, бухгалтерлік есеп мәселелері, рұқсатнама құжаттарын алу бойынша кеңес беру. Халықтың осы аталған мәселелер бойынша сұраныстары жоғары болғандықтан, бұл бағыттың маңызы зор.

l  Рұқсатнама құжаттарын алу бойынша қызмет көрсету бөлімі→ рұқсатнама құжаттарын рәсімдеу және алу бойынша көмек көрсету. Облыстың мемлекеттік органдарымен және монополистерімен тығыз жұмыс жасай отырып, түрлі рұқсатнама құжаттарын алу мерзімдерін қысқарту мүмкіндігіне қол жеткізілді. Кәсіпкер құжаттарды рәсімдеу үшін КҚКО-ға өтініш беру барысында жеке кәсіпкерді, заңды тұлғаны тіркеуден бастап, кәсіпорынды іске қосқанға дейінгі қызметтер кешенін ала отырып, әкімшілік кедергілерді төмендету және кәсіпкерлердің уақыттарын үнемдеу мүмкіндігін иеленеді.

l  Жобаларды сүйемелдеу бөлімі→ бизнес/маркет жоспарларды жасау, сонымен бірге жобаларға қажетті қаржыландыруды алу және сүйемелдеуге керекті құжаттарды жинақтауға септігін тигізу. «ONTUSTIK»Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС қызметі барысында бизнестің барлық салалары үшін бизнес жоспарлардың үлгілері жасалды. Жобаны қаржыландыруға өтініш беру кезінде қаржы институттарының үлкен бөлігі жобаның бизнес жоспарын талап етеді. КҚКО-ға келген кәсіпкерге кеңес беріліп, бизнес жоспар жасау және жобаны сүйемелдеуге дейінгі қызметтер кешені көрсетіледі.

l  Кәсіпкерлік мектебі(Оқыту бөлімі) → ШОБ субъектілерін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, сонымен қатар, тақырыптық тренингтер өткізу. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар кәсіпкерлік саласындағы білімдермен қатар, КҚКО арқылы қызметтер кешенін алады.

КҚКО аймақтағы кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың құралы болып табылады. Қазіргі таңда КҚКО-ның тәжірибелі және білікті қызметкерлері Түркістан қаласы С.Қожанов 42 мекен жайындағы бас кеңседе және Түркістан облысының 15 аудандарындағы өкілдіктерінде «бір терезе» қағидасы негізінде тегін қызмет көрсетуде.

Біз әр бір азаматтың кәсібін дамутыға септігін тигізуге ынталымыз, себебі біздің ұранымыз, «Сенімменен өркенде!».