ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДА

22 Мамыр, 2019

     «Elitar» ақпараттық сайтында және "Nur.kz" сайтында 2019 жылдың 21-маусым күні жарияланған "Пьем воду из туалета": Туркестанцы просят помощи у Шукеева и Токаева, «Түркістанда ауыз суды әжетханадан тасып ішетін тұрғындар мұңын шақты» атты материалдарға қатысты атқарылған жұмыстар бойынша төмендегіше мәлімдейміз.

    Түркістан қаласындағы І мөлтек аудандағы 14 «Б» бес қабатты жатақхана бөлмелерін тұрғындар жекешелендіріп алған. (1972 жылы 14 техникалық училищенің ғимараты ретінде пайдалануға берілген). Қазіргі таңда тұрғындардың жеке меншік ортақ үлестік-кондоминимум объектісі болып табылады. Бұл көпқабатты ғимарат ретінде салынғандықтан әр қабатта техникалық құжаттамасына сәйкес арнайы әжетхана мен жуынатын бөлме, асхана болған.

    Алайда жекешелендірген уақыттан бастап тұрғындар ол қажеттіліктерді (әжетхана, жуынатын бөлмені) 2-3 бөлмелі етіп қосып алған. Сондықтан да қазіргі таңда ғимарат ішінде арнайы су кіргізетін және әжетхана үшін бөлме (орын) жоқ. Осыған орай әр тұрғынның бөлмесіне су кіргізу техникалық қауіпсіздіктер мен құрылыс нормаларына сай келмей тұр. Осы мәселе ескеріле отырып, бөлмелерге су кіргізу үшін тұрғындардан жеке-жеке келісім алынып, содан кейін әрбір бөлмеге су құбырларын тарту жүзеге асырылатындығы туралы қала әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшылы және облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық басқарамасы басшылығы, «Түркістан-Су» мекемесі басшылығының тұрғындармен кездесуінде айтылды.

  Сонымен қатар аталған көпқабатты жатақхананың электр жарығының желілерін реттеу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету «Оңтүстік-жарық» мекемесі тарапынан жүзеге асырылатындығын мекеме басшылығы жеткізді.

    Ал тұрғын үйге қазіргі таңда  жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме «Текс Монтаж» ЖШС-не аталған көпқабатты үйдің жөндеу жұмыстарын талапқа сай бітіріп беру ескертілді.