ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 74 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

09 Мамыр, 2019

Бүгін Түркістан қаласындағы Жеңіс саябағында Ұлы жеңістің 74 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде» атты салтанаттыіс-шарасы өтті. Мереке Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батырларды 1 муниттық үнсіздікпен еске алумен басталды. Сондай-ақ, «Мәңгілік алауға» гүл себеттерін қою рәсімі өтті.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларды Ұлы жеңістің 74 жылдығымен құттықтады.

«Батырларымыз қан майданда ерлік жасап жүрген сәтте елде қалған отандастарымыз да аянып қалмады. Бұғанасы қатпаған жас баладан бастап, еңкейген кәріге дейін тылда еңбек етіп, майдангерлерді азық-түлікпен, қарумен, киіммен қамтамасыз етті. Тіпті, қыздарымыз да майданға аттанып, ардақты аналарымыз ауыр жұмыстарды атқарды. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Біздің ардагерлерге деген құрметіміз олардың ерлігінен кем түспеуге тиіс» деп айтқан болатын. Ендеше, соғыс және тыл ардагерлерін, Түркістан облысының барша тұрғындарын 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймын! Ардагерлеріміз аман, жастарымыз отаншыл болсын! Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін», – деді облыс әкімі Ө.Естайұлы.

Мерекеге жиналған көпшілік назарына «Жеңіс алауы»театрландырылған сазды-хореграфиялық композициясы ұсынылды. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама өтіп, «Қазақ еліне мың алғыс!» театрландырылған сазды композициясы орындалды. Бұдан басқа, шарада ардақты ардагерлер майданда ерлікпен қаза тапқандардың рухына тағзым жасап, «Даңқ» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Айта кетейік, қазақжеріненҰлы Отан соғысына бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер қан майданға аттанған. Жалпы облыстан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралды. Оның ішінде 51-і Кеңес Одағының батырлары, 1-і Халық қаһарманы және 8-і үшінші дәрежелі «Даңқ» ордені кавалерлері атағын алған.Қазіргі таңда облыста 63 Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен 9445 тыл еңбеккерлеріне және 521 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген азаматтар бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі