ЕЛ ТАҒДЫРЫ - ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ

29 Сәуір, 2019

Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев пен қалалық мәслихат депутаты Алтынбек Кенжалиев қаладағы «Яссы нан» ЖШС мекемесінің ұжымымен кездесті. Кәсіпорын жұмысымен танысқан халық қалаулылары тұрғындарды 9 маусым күні өтетін Президенттік сайлауда бір кісідей дауыс беруге шақырды.

- Әрбір азаматтың таңдауы шешуші рөл атқаратыны анық. Президенттікке үміткерлер тізімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ресми түрде жарияланатын болады. Тұлғалардың сайлауалды бағдарламаларымен танысып, дауыс беру еркіңізде. Ел тағдыры - халық мүддесі екенін ескерсек, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы жолында сіздің шешіміңіз, қосар үлесіңіз маңызды,- деді Ғаппар Амантайұлы.

«Түркістандықтар үшін жасап жатқан еңбектеріңіз мемлекетіміздің баянды болашағы жолында төккен тер мен еселі еңбек», - деген А.Кенжалиев берекелі ұжымның алдағы уақыттағы істеріне сәттілік тіледі. Кездесу соңында жас отбасылардың «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспанаға қол жеткізуі туралы сұраққа тұщымды жауаптар берілді.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі